Аталған мектеп AI-SANA жобасы шеңберінде Yessenov University базасында Францияда 01Edu платформасына сүйенген, École 42 моделінде ашылып отыр. Көпсатылы әрі жоғары бәсекелі іріктеу нәтижесінде 280 үміткердің ішінен 90 студент таңдалып алынды. Олар қыркүйек айынан бастап осы мектепте білім алуға кірісті.
Бағдарлама қатысушыларының бірі, компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект факультетінің 3-курс студенті Әділхан Нұрбек мектепте үйреніп жатқан дағдылары туралы: «Мен Piscine іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, үздік 90 студенттің қатарына ендім. Бағдарламаның соңғы кезеңінде жасанды интеллект бағытын таңдауды жоспарлап отырмын. Болашақта Alem AI және Higgsfield AI сынды жобалардан шабыт алып, әлемге танымал жеке AI жобамды іске қосуды мақсат етемін», деп пікір білдірді.
Бағдарламаны толық аяқтаған әрбір студент жетекші әлемдік IT компанияларының халықаралық дерекқорына автоматты түрде енгізіледі. Бұл түлектерге жаһандық технологиялар нарығында табысты еңбек етуге кең мүмкіндік береді.