Бокс • Бүгін, 10:45

World Boxing: Махмұд Сабырхан «Жылдың үздік боксшысы» атағына ұсынылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

World Boxing халықаралық ұйымы жыл қорытындысын шығарып, үздіктерді анықтауға кірісті. «Жылдың үздік боксшысы» аталымына екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырханның да есімі енді, деп жазады Egemen.kz

World Boxing: Махмұд Сабырхан «Жылдың үздік боксшысы» атағына ұсынылды

Фото: olympic.kz

Махмұд Сабырхан биыл қыркүйекте Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған еді. 55 келіде ел намысын қорғаған былғары қолғап шебері мексикалық боксшы Брайан Ортисті, косоволық Башким Байокуды, жапондық Руи Ямагучиді, қытайлық Лю Чуанды, испаниялық Рафаэль Лозаноны қапы қалдырған еді. 

Айта кетейік, осы әлем біріншілігінде Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы жеті алтын жеңіп алып, жалпы командалық есепте көш бастаған еді. 

World Boxing нұсқасы бойынша ерлер арасында «Жылдың үздік боксшысы» аталымында Махмұд Сабырханнан бөлек өзбекстандық Фазлидин Еркинбоев, Жавохир Умматалиев, бразилиялық Луиз Оливейра мен Юрий Фалкао бар. 

Махмұд Сабырхан кәсіби бокста да бағын сынап көрген. Осы бағыттағы алғашқы жекпе-жегін Астанада өткізіп, вьетнамдық Дак Хайнхомды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. 

Соңғы жаңалықтар