АТЫРАУ. 11 тамыз. Атырау облысында 9 жасында 90-дағы қариядай қартаю сырқатына ұшыраған Нұржан Өркешбаевтың үйлену тойы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
2000 жылы Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылдық округінде тұратын Нұржан Өркешбаевтың ерте қартаю синдромына ұшырағаны анықталды. Содан бері оның тағдыры көпшіліктің көз алдында өтіп келеді. Оған прогерия (терінің ерте қартаюы) сырқаты деген диагноз қойылған соң бірнеше рет ем қабылдады. 2011 жылдың аяғында «Ниссамед» емханасында 2 кезеңнен тұратын кешенді косметологиялық операция жасалды.
Жақында, дәлірек айтқанда, 7 тамызда Нұржан Өркешбаев Әсемгүл есімді аруға үйленіп, шаңырақ көтерді. Үйлену тойы Нұржанның ата-анасы тұратын Мұқыр ауылында өтті. Тойға шақырылған 300-ге жуық қонақтың арасында ресейлік «Пусть говорят» бағадарламасының жүргізушісі Андрей Малаховқа да шақыру билеті жіберілген еді. Өйткені, бұдан 4 жылдай бұрын Нұржан Өркешбаев аталған телебағдарлама хабарына қатысты. Сол кезде бағдарлама жүргізушісі Андрей Малахов оның үйлену тойына келуге уәде берген болатын. Ресейлік тележүргізуші қазақ баласының тойына келе алған жоқ. Дәл осы уақытта шетелде демалыста жүрген ол жас отау иелеріне арнайы сыйлық жолдайтынын хабарлапты.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды
Әлем • Бүгін, 11:57
Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:50
Жапония алғаш рет шетелге қару экспорттауға рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 11:41
Автомектептерде олқылықтар анықталды: 700-ден астам оқу тобы жабылды
Оқиға • Бүгін, 11:35
17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:24
Пышақ ала жүгірген: Астанада 7 жастағы баланың әрекеті жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 11:15
Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07