Фото: shutterstock.com
Министрдің айтуынша, екі нысанда да қажетті жабдықтар орнатылған: ЖЭО-2-де Siemens компаниясының турбинасы іске қосылса, ЖЭО-3-те Ansaldo турбинасы орнатылған, ал Қытайдан жеткізілетін тағы бір турбина жуырда келуі тиіс. Барлық жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.
Ауаның сапасы жақсарады
Модернизацияның басты мақсаты – Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсарту. Газға көшу көмірмен салыстырғанда зиянды қалдықтардың көлемін едәуір азайтып, қала ауасының тазалануына оң әсер етеді.
Жобаның тарихы
ЖЭО-2-ні газға көшіру туралы шешім 2020 жылы қабылданған, алайда құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылдың екінші жартысында басталған.
ЖЭО-3 (бұрынғы ГРЭС) газға көшіру жобасы да 2023 жылы іске асырылған.
Алматыдағы ЖЭО-1 бұған дейін 2017 жылы жаңғыртылған.