Әлем • 03 Қаңтар, 2026

Беларусь 2026 жылды әйелдерге арнады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусь президенті Александр Лукашенко 2026 жылды Беларусь әйелдерінің жылы деп жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Беларусь 2026 жылды әйелдерге арнады

Ол бұл туралы 31 желтоқсанда Беларусь халқына арнаған жаңа жылдық үндеуінде мәлімдеді.

– Біз аналарымызды, әйелдерімізді және қыздарымызды жылына бір күн құрметтейміз. Олардың біздің өміріміздегі ерекше рөліне құрмет көрсету және 2026 жылды Беларусь әйелдерінің жылы деп жариялау уақыты келді. Табиғат одан артық ештеңе жаратқан жоқ. Әйелдерімізді және жерімізді, болашағымызды – отбасымызды, туыстарымызды, жақындарымызды және достарымызды қиындықтардан қорғайық, – деді Александр Лукашенко.

Беларусь үкіметіне Беларусь әйелдерінің жылына арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу және бекіту тапсырылды.

Қазақстанда 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қойма өртенді

Оқиға • Бүгін, 09:03