Осыған байланысты қозғалған әкімшілік іс Жылыой аудандық сотында қаралды. Күдіктіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабының 1-бөлігімен айып тағылған.
«2025 жылғы 18 желтоқсанда дәрігерлік сараптамадан өткізу кезінде азамат Е.-нің ағзасынан есірткі заты табылды. Оның есірткі затын медициналық емес мақсатта тұтынғаны анықталды. Сот отырысында құқық бұзушы Е. кінәсін толықтай мойындады», деп хабарлады аудандық соттан.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Е. кінәлі деп танылды. Оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза қолданылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.