Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025

Елорда әкімдігі толассыз жауған қарға байланысты мәлімдеме жасады

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 2025 жылғы 31 желтоқсанда елорда әкімдігі Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына жүгініп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда әкімдігі толассыз жауған қарға байланысты мәлімдеме жасады

Оған себеп – қардың толассыз жаууы.

– Астанада толассыз қар жауып жатыр. Қолайсыз ауа райына байланысты елордадағы коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, қаланы тазалау жұмысын тәулік бойы жүргізуде. Астана қаласының әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын жолдар мен тротуарларда мұқият болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және сапарға шығар алдын ауа райы жағдайын ескеруге шақырады, – делінген сәрсенбідегі қала әкімдігінің хабарламасында.

Таңертеңнен бастап көше-жол желісін тазалауға шамамен 3 000 жол жұмысшысы мен 1 400-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Жұмыс негізгі магистральдарда, кварталішілік жолдарда, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарында жүріп жатыр.

 

Қыс мезгілі басталғалы бері қар полигондарына жалпы көлемі 1 376 655 текше метр қар шығарылды. Бұл 105 413 ауыр жүк көлігінің рейсіне тең.

Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарына көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. Қыс мезгілі басталғалы бері шамамен 4 000 тонна техникалық тұз пайдаланылды. Қаланы тазалау және өңдеу жұмысы тәулік бойы жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:49