Сотта анықталғандай, 2025 жылғы 18 желтоқсанда дәрігерлік тексеруден өту кезінде ер адамның ағзасынан есірткі заты табылған. Оның бұл затты медициналық емес мақсатта қолданғаны анықталды.
– Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкінетінін айтты. Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды, – деп хабарлады Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.