Әлназарова оның нәтижелері қазірдің өзінде байқалып отырғанын айтады:
- Жалпы кісі өлімі 2,6%-ға,
- Онкологиялық аурулардан болатын өлім 6,3%-ға төмендеді,
- Сәбилер өлімі тарихи ең төменгі деңгейге – 18,7%-ға жетті,
2025 жылы өмір сүру ұзақтығы 75,8 жасқа дейін өседі деп күтілуде.
– Қазақстан БҰҰ-ның Адами даму индексінде 7 орынға көтеріліп, 193 ел арасында 60-орынға ие болды. 2025 жылы МӘМС-ті жетілдіру туралы заң қабылданды, жаңа жылдан бастап 1 миллионға жуық адам қосымша медициналық көмекке қол жеткізе алады. Онкоскринингтер кепілдендірілген пакетке ауыстырылды, бұл сақтандырылмаған азаматтардың қамтуын кеңейтті, – дейді сала басшысы.
Дәрігерлерді құқықтық қорғау күшейтілді - зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.