Арал тұрғындары Жаңа жылды Астанада сағат 15:00 болған сәтте қарсы алған.
Басылымның жазуынша, Аустралияның Сидней қаласында жүздеген мың адам ауқымды жаңа жылдық отшашуды тамашалау үшін жиналған. Отшашу алдында 14 желтоқсанда Сиднейдегі Бонди жағажайында еврейлердің Ханука мейрамын атап өту кезінде қаза тапқан адамдарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланған.
Азияның Бангкок пен Сингапур секілді ірі қалаларында да әсерлі жарық шоулары жоспарланған.
Жаңа жыл Жер шарын батыстан шығысқа қарай аралап өтуде. Еуропа елдерінен кейін оны Батыс жартышар тұрғындары қарсы алады. Мәселен, Бразилиядағы әйгілі Копакабана жағажайында шамамен екі миллион адам жиналады деп күтілуде.
Нью-Йоркте Таймс-сквер алаңындағы әйгілі хрусталь шарды түсіру рәсімі биыл ерекше өтпек.
2026 жылы АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясына қол қойылғанына 250 жыл толуына байланысты шар екі рет түсіріліп, ұлттық тудың түстерімен жарқырайды.
Германияда да ауқымды мерекелік шаралар күтілуде: Берлиндегі Бранденбург қақпасы маңында, Гамбург портында және Мюнхен қаласында үлкен той-думан ұйымдастырылады.