Өндіріс • Бүгін, 14:21

Қазақстан май экспортынан 532 млн доллар табыс тапты

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің сыртқы сауда айналымында күнбағыс майының үлесі айтарлықтай артып, негізгі экспорттық тауарлардың қатарына қосылды. Қазіргі таңда сыртқа жөнелтілетін өнім көлемі ішкі нарықтағы сату көрсеткішінен 2,4 есе көп. Экспорт пен ішкі өткізу көлемі арасындағы мұндай алшақтық соңғы жылдары алғаш рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан май экспортынан 532 млн доллар табыс тапты

Фото: istockphoto.com

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, биылғы жылдың он айында ел ішінде 214,8 мың тонна күнбағыс майы өткізілсе, экспортқа 523,4 мың тонна өнім шығарылған. Ranking.kz мәліметінше, отандық өнімді халықаралық нарықта ілгерілетудегі бетбұрыс 2022 жылы басталған еді. Сол тұста экспорт көлемі шамамен 3 есе өсіп, өндірушілер Қытай нарығына жол ашты.

Содан бергі серпін толастаған жоқ: 2023 жылы шетелге сатылған өнім 58,9%-ға, 2024 жылы 30,6%-ға артты. Биылғы он айдың қорытындысы да көңіл көншітерлік – экспорттық жеткізілімдер 44%-ға ұлғайған.

Биылғы жылдың он айында күнбағыс, мақсары және мақта майын шетелге экспорттау арқылы ел казынасына 532 млн доллар құйылды. Экспорттық табыс бір жылда 68,3%-ға өскен. Айта кетерлігі, өнімнің заттай көлемі (39,9%) ақшалай түсімге қарағанда баяу өскен. Бұл әлемдік нарықтағы май құнының артуы табыс еселенуіне септігін тигізгенін аңғартады.

Отандық өсімдік майының негізгі тұтынушылары ретінде Өзбекстан мен Қытай көш бастап тұр.

Өзбекстан биыл бұл тауарды сатып алу көлемін 74,2%-ға ұлғайтып, елімізге 266,6 млн доллар төледі. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп.

Қытай екінші ірі сауда серіктесі ретінде сатушыларға 139,5 млн доллар (өсім 28,8%) көлемінде табыс әкелді.

Соңғы жаңалықтар