2024 жылғы маусымда «Елімай» алтыншы орынмен қорытындыласа, былтыр тек «Қайрат», «Астана» және «Тобыл» секілді әккі клубтардан қалып қойып, төртінші орынға табан тіреді. Биыл олар қалай да жүдегерлер қатарына қосылуды көздеуде. Қазіргі кезде Абай облысының өкілдері БАӘ-нің Дубай қаласында оқу-жатығу жиынын өткізуде.
«Елімай» жиынмен қоса, Парсы шығанағында бірнеше жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Таяу күндері олар Словакияның жеті дүркін чемпионы «Жилинамен» күш сынасады. 19 қаңтарда Ресей чемпионы «Краснодармен» кездеседі. Одан кейін Әбу-Дабиге сапар шегіп, сол шаһарда жалауы желбірейтін «РПЛ-дің Қысқы кубогінде» өнер көрсетеді.
Дәл сол БАӘ-де өтетін екінші оқу-жаттығу жиынында Мәскеудің әйгілі «Спартагымен» сайысқа түседі. Бұл матч 19 ақпанда ұйыдастырылады.