Білім • 06 Қаңтар, 2026

Ақтаулық жас математиктер халықаралық олимпиадаға жолдама алды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудағы Zerdeli білім беру орталығының 5-6-сынып оқушылары Санжар Рахат пен Ержан Ермекбай халықаралық FEMO олимпиадасының VIII қысқы кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, бірінші орын иеленді, деп жазады Egemen.kz.

Ақтаулық жас математиктер халықаралық олимпиадаға жолдама алды

Осы жеңістің арқасында олар олимпиаданың халықаралық кезеңіне жолдама алды.

Жас математиктер бұған дейін де республикалық деңгейдегі зияткерлік жарыстарда үздік нәтижелерімен көзге түскен. Атап айтқанда, олар 5-6-сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде математика пәнінен абсолютті бірінші орынды жеңіп алған.

Сонымен қатар, республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінде де топ жарып, логикалық ойлау қабілетінің жоғары деңгейін және стандарттан тыс тапсырмаларды шешудегі шеберлігін дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар