Фото: montsame.mn
2026 жылы Дүниежүзілік жылқы күніне арналған іс-шараларды ұйымдастырушы ел ретінде Моңғолия алғаш рет 56 елден келген 10 мың салт аттыны өз аумағында қабылдайды.
Іс-шаралар аясында жылқыларға қатысты көптеген бағдарлама әзірленіп жатыр.
Атап айтқанда, алдын ала бес негізгі бағыт айқындалды: ойын-сауық бағдарламалары, иппотерапия, жылқы күтімі, атқа міну мәдениеті және 21 аймақтан шыққан дәстүр мұрагерлері.
2013 жылы Моңғолия Гиннестің рекордтар кітабына ену мақсатында 3 мың бәйге аты қатысқан жарыс пен ұлттық киім, ер-тұрман және жүген таққан 10 мың салт аттының шеруін ұйымдастырған болатын.
БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бағалауынша, 2023 жылы әлемде 60,8 миллион жылқы тіркелген.