АСТАНА. 12 тамыз. Өткен түнде Грузияның астанасы – Тбилиси қаласында футболдан УЕФА Суперкубогы үшін ойын ойналды. Бұл сында Испанияның екі бірдей командасы «Барселона» мен «Севилья» сынға түсті. Аса тартысты өткен кездесуде каталониялықтар 5:4 есебімен жеңіп, клуб тарихында бесінші мәрте УЕФА Суперкубогын иемденді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Матчтағы алғашқы гол бар болғаны 3-минутта тіркелді. Оның авторы «Севилья» ойыншысы Эвер Банега. Бірақ севильялықтардың бұл басымдықты 4-ақ минут ұстап тұруға шамалары жетті. Яғни, 7-минутта «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси мергендігімен көзге түсті. Ал 16-минута ол дубльдің авторы атанды. Үзіліске бір минут уақыт қалған кезде Каталониядан келген команда есепті өз пайдаларына 3:1-ге жеткізді. Бұл жолы доп Рафиньяның атына жазылды.
Екінші тайм «Барселонаның» есепті еселеуімен басталды. 52-минутта Луис Суарестің тепкен добы қарсыластарының қақпасынан табылды. Осыдан кейін ғана «Севилья» жүйелі ойын өрнегін көрсетіп, жинақылық танытты. Нәтижесінде 81-минутқа дейін үш гол соғып, таразы басын теңестірді. Атап айтқанда, Антонио Рейес (57-минут), Кевин Гамейро (72-минут, пенальти) және Евгений Коноплянка (81-минут) командасына үміт сыйлап, жанкүйерлерін қуанышқа бөледі.
Осылайша, негізгі уақыт 4:4 есебімен тең аяқталды. 15 минуттан тұратын қосымша екі таймның алғашқысында есеп өзгерген жоқ. Ал кездесудің аяқталуына 5 минут қалған кезде, яғни 115-минутта барселоналық Педро нәтижелі соққы жасап, жеңіс голының авторы атанды. Соған сәйкес, Тбилисидегі ойын 5:4 есебімен «Барселонаның» пайдасына шешілді.
Аталған команда үшін бұл – бесінші УЕФА Суперкубогы. Мұндай көрсеткіш бойынша «Барселона» осы сайыста ең көп жеңіске жеткен Италияның «Милан» командасымен теңесті. Алғаш рет бұл кубокты 1992 жылы иемденген каталониялықтардың 1997, 2009 және 2011 жылдары да мерейлері үстем болды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: uefa.com.
• 12 Тамыз, 2015
Футбол. «Барселона» УЕФА Суперкубогын бесінші рет иемденді (видео)

Халқымен қайта қауышқан қайраткер
Тұлға • Бүгін, 12:59
Атырау облысындағы отбасының өлімі: Күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтірген
Қылмыс • Бүгін, 12:58
Мирас • Бүгін, 12:55
Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі
Үкімет • Бүгін, 12:39
Қазақстан квотасымен шетелдіктерді қажылыққа апарғандар жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:35
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Бюджет • Бүгін, 12:30
«Тобыл» клубының бас бапкері ауысты
Футбол • Бүгін, 12:18
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі енгізіледі
Бюджет • Бүгін, 12:08
Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады
Қазақстан • Бүгін, 11:47
Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды
Банк • Бүгін, 11:38
Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды
Әлем • Бүгін, 11:35
«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды
Спорт • Бүгін, 11:20
Теміртауда құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:15
Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 11:05