Фото: Ақмола облысы әкімдігі
Оның айтуынша тапсырманы орындау кезеңінде республикалық бюджеттен шамамен 835 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде қайтарылған активтер есебінен Арнаулы мемлекеттік қордан 132 млрд теңге жұмсалған.
«Осы қаражатқа 34 қала мен 756 ауыл орталықтандырылған су жүйесімен қамтылды. Оған қосымша, жергілікті бюджет есебінен 699 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылды. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2021 жылы ауыл халқының 90%-ы және қала халқының 97,5%-ы сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізген еді. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы толық орындалып, еліміздегі 90 қала мен 7,5 млн тұрғыны бар 6087 ауыл ауыз сумен толық қамтамасыз етіліп отыр», деді вице-министр.
Сумен жабдықтау сапасында барлығы 9,5 мың шақырым магистральдық желі реконструкцияланып, үлкейтілген. Оның ішінде қалаларда – 1,8 шақырым, ауылдарда – 7,7 мың шақырым сумен жабдықтау жүйесі жаңғыртылған. Бұл жұмыстар желілердің тозу деңгейін – 38%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар сумен жабдықтауды және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Осы бағытта 2026 жылға жалпы трансферттер аясында 128 млрд теңге бөлінді, оның ішінде сумен жабдықтауға – 78 млрд теңге, су бұруға 50 млрд теңге бағытталған.
Қосымша жаңғырту жұмыстары Энергетика мен коммуналдық секторды жаңғыртуға арналған ұлттық жоба аясында несиелік қаражаттар есебінен жүргізілетін болады.
Былтыр ел өңірлеріндегі бірнеше елді мекенге таза ауыз су берілгенін хабарлағанбыз. Мәселен, өткен жылы шалғайдағы Ақбастыға су жетіп, Сыр өңірі ауыз су мәселесін толық шешті.
Сондай-ақ, Ұлытау облысындағы Кеңгір ауылы газға қосылып, таза ауыз сумен қамтылды.
Маңғыстауда да ауыз су тапшылығы жоқ екені хабарланды.