Жастар • Кеше

Депутаттар жастармен ашық әңгімелесті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында Парламент Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Данабек Исабек пен Нұрсұлтан Байтілесов жергілікті жастармен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Депутаттар жастармен ашық әңгімелесті

Жүздесу барысында Мәжіліс депутаты Д.Исабек Парламентте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жастарға қатысты заңнамалық бастамалар мен қабылданған шешімдер жөнінде қысқаша баяндап берді. Оның айтуынша, жастарды қолдау, олардың әлеуметтік және кәсіби дамуына жағдай жасау – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.

«Парламентте қабылданып жатқан заңдар ең алдымен халықтың, соның ішінде жастардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Жастардың ұсыныс-пікірлері әрдайым назарда түспейді», деді ол.

Жиын барысында белсенді жастар бірқатар өзекті мәселелер көтерді. Атап айтқанда, «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында алғаш рет жұмысқа орналасқан жастарға төленетін қаржы көлемінің төмен екені айтылып, оны арттыруға ықпал етуді сұрады. Сонымен қатар, жастарды кәсіпкерлікке баулу, өз ісін бастауға қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарды күшейту жайы сөз болды.

Алматы облысында NEET санатындағы жастар саны азайған

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жаңадан құрылған Жастар басқармасының жұмысына тоқталып, алдағы уақытта жастарға қатысты жобалар мен бастамалардың жүйелі түрде жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

Кездесу соңында жастар осындай ашық форматтағы басқосулардың жиі өтуі маңызды екенін айтып, халық қалаулыларына өз ұсыныстарын тікелей жеткізуге мүмкіндік жасағандары үшін алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар