25 Маусым, 2015

Геральдикалық комиссияның отырысы

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайымдығымен Ведомстволық және оған теңестірілген өзге де наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жиында «Қазақстан Респуб­ликасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конс­­­­­титуциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттар­дың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құра­­лым­дардың ведомстволық және оған теңестірілген өзге де наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №155 Жарлығының орындалуы, сондай-ақ, мемле­­кет­­тік органдардың Қазақ­стан Рес­пуб­­ликасының Қаржы және Энер­­гетика министрліктері қыз­меті са­ласындағы ведом­ство­лық награ­далардың атауларына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсы­ныстары туралы мәселелер қаралды. Комиссия мүшелері алдын­да Мәдениет және спорт министр­лігінің жауапты хатшысы Қ.Уә­лиев, Қаржы вице-министрі А.Теңгебаев және Энергетика вице-министрі М.Мырзағалиев баяндама жасады. Талқылау қорытындысы бойынша комиссияның ұсынымдары әзірленіп,  уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді. Геральдикалық комиссия – мем­лекеттік органдардың ведом­­­ство­лық наградаларының гераль­дик­а­лық сипаттамасын және осы сала бойынша заңнамаларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайтын Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган.