АСТАНА. 12 мамыр. Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалдық бәсекесі аясында «Бавария» (Мюнхен, Германия) мен «Барселона» (Барселона, Испания) арасындағы қарымта ойын өтеді. Мюнхендегі «Альянц-Арена» стадионында болатын ойында финалға шыққан алғашқы команда анықталады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Испанияда өткен қос команда арасындағы алғашқы ойында «Барселона» 3:0 есебімен басым түскені белгілі. Ендеше бүгін Германияның командасына өте қиын болары анық. Осы ретте біз әдеттегідей бүгінгі ойынға қатысты кейбір қызықты деректерге назар аударуды жөн көрдік.
- Чемпиондар лигасы аясында өз алаңында өткен алғашқы ойында 3:0 есебімен жеңген командалардың 93,7 пайызы жарысты жалғастырып отырған.
- «Бавария» бірінші кездесуде қақпасына 3 немесе одан да көп гол жіберіп алған кезде, ешқашан келесі кезеңге шығып көрмеген. Мұндай жағдай неміс командасының тарихында 7 рет тіркелген екен
- Ал «Барселона» алғашқы матчта 3 доп айырмасымен жеңген кезде барлығында жарысты жалғастырған.
- Қазіргі таңда Чемпиондар лигасының тарихындағы ең үздік бомбардир «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси екені белгілі. Оның еншісінде 77 гол бар. Апта бұрын «Бавариямен» болған ойында Месси екі мәрте мергендігімен көзге түсті.
- «Барселона» турнир барысында қатарынан 9 ойында жеңіске жетті. Бұл – Лига тарихындағы кезекті рекордтық көрсеткіш.
Командалар мына құрамда алаңға шығуы мүмкін.