09 Шілде, 2010

ІСКЕРЛІК ІСТІ ІЛГЕРІ БАСТЫРАДЫ

513 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Елімізде мемлекет тарапынан жасалып жатқан барлық істер халықтың игілігі үшін бастау алады. Сөйтіп о баста ізгілікті мақсат тұтқан ойлар мен міндеттердің арқалаған жүгі ақталып, ардақталып жатса соңы да баянды болады. Сөзіміз дәлелді болуы үшін бұған нақты мысалдарды алыстан іздеудің қажеті жоқ. 1990 жылы сол кездегі Целиноград қаласында алғаш рет кедендік бақылау бекеті құрылды. Оған осы өңірдегі аймақтық кеден деген атау берілді, бірақ ұжым саны жеті адамнан ғана тұратын. Міне, осыдан бастау алған іс дами келе іргесін кеңейтіп, шаңырағын тіктей түсті. Әуелгідегі жеті адамнан тұратын шағын бекет қазір 274 адам қызмет ететін көп салалы толыққанды департаментке ұласты. Арада табаны күректей жиыр­ма жыл уақыт өтті. Ел естіп-білмеген жаңалықтар, көз көрмеген өзгеріс­тер дүниеге келді. Соның бірі Аста­на қаласының қарышты дамуы ке­дендік бақылауды түбірімен өзгер­туді, кеден төлемдері мен салық­тарды өндіруде түбегейлі шешімдер шығаруды, кедендік рәсімдерді жеңілдетуді, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға ыңғайлы жағдайлар туғызуды, жайлы орта құруды, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы өзара іс­керлікті орнатуды көздейтін көп­теген іргелі істердің атқарылуына әсерін тигізді. Енді еліміздің Кеден одағы бағытында ұстанып отырған сара саясатының негізінде бұл үрдіс одан әрі нығая түсті. Бүгінде атал­ған департаментке қарасты бірнеше басқарма, бекеттер бар. Солардың ішінде бірегейі де, ірісі де “Астана – кедендік ресімдеу орталығы” болып табылады. Олай дейтініміз, елордаға әкелінетін барлық тауар­лардың 85 пайызына осында ре­сім­деу жүргізіледі. Ал тауарлар көбіне Ресей, Украина және Белоруссия секілді елдерден әкелінеді. Олардың арасында құрылыс материалдары, электр құрылғылары, темір жол құрылғылары, арнайы техникалық жабдықтар, азық-түлік өнімдері және жалпы халық тұтынатын тауар­лар бар. Күн сайын 60-тан астам жүк кедендік декларациясы ресімделіп, бюджетке орта есеппен алғанда 74 млн. теңге салық төлем­дері түседі. Астана қаласы бойынша кеден­дік бақылау департаменті бастығы­ның міндетін атқарушы, кеден қызметінің полковнигі Бақытжан Салқымбековке жолыққанымызда бүгінгі таңда атқарылып жатқан істің расында жоғары екендігін айғақтап, астаналық департамент 2010 жылдың қаңтар айынан осы күнге дейін кедендік төлемдер мен салықтар есебінен мемлекет бюд­же­тіне 13 млрд. 254 млн.теңге ауда­рыл­ғанын жеткізді. Мұны штаттық құрамдағы 274 қызметкердің әрбі­рі­не шақсақ, әр қызметкер 48 млн. теңгеден аса үлес қосқан болып шығады. Кеден бекеті әуе көлігімен әке­лінген жүктерге толықтай бақылау жүргізу үшін қазіргі заманғы жо­ға­ры техникалық құралдарымен жаб­дықталған. Онда рентгенді теле­дидар, “Янтарь”, түрлі бейне және аудиожазба құрылғылары бар, сонымен қатар есірткі және жарыл­ғыш заттарды табу үшін қызметтік-іздеу иттер қолданылады. Астана­ның қарыштап дамуының нәти­же­сінде жан-жақты коммерциялық байланыстардың әсерінен халық­аралық әуе рейстері, жолаушылар, сан-алуан бағыттар ұлғайды. Мы­салы, үстіміздегі жылы кеден беке­тінің қызметкерлері 1 679 халық­аралық әуе рейстерін ресімдеп, 131 854 жолаушыны, 607 809 тонна қол жүгін кедендік ресімдеуден өткізді, экономикалық қылмыс бойынша 5 қылмыстық, әкімшілік құқық бұзу­шылық бойынша 30 іс қозғалды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шека­ралық бақылау басқармасы және Әуе қауіпсіздік қызметімен бірге кинолог-маманның қатысуымен және қызметтік із кесу иттерін пай­далану арқылы Астана қаласының халықаралық әуежайында халық­ара­лық сапарларға шығатын және келуші жолаушылардың жүктері, қол жүгі тексеріліп, қаралады. “2006-2014 жылдарға арналған ҚР есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрес стратегиясы” аясында, 2009-2011 жылдарға арналған “Астана – есірткісіз қала” аймақ­тық қанатқақты жобаны іске асы­ру­да аталған департамент өзге де құқық қорғау органдарымен бірігіп атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, қылмыстың жолын кесуде “Саранча” арнайы операциясын, “Часовой”, “Канал” операция­ла­рын өткізді. Сол сияқты автокөліктерге ке­дендік ресімдеу жүргізетін “Астана-Авто” бекетінде 257 автокөлікке ре­сімдеу жүргізіліп, 184 жүк кедендік декларациясы ресімделді. “Күнбе-күн” процедурасы бойынша ресім­делетін жүк кедендік декларациясы 98,8 пайызды құрайды. Көбіне бас қалаға автокөліктер Біріккен Араб Әмірліктерінен, Еуропа елдері және Ресейден, Литвадан әкелінуде. Ал автокөліктер тасымалының төмен­деуі 2010 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап тарифтерді көтерумен тығыз байланысты. Себебі, кедендік баж мөлшері кедендік құнның пайыз­дық өлшемінде есептелетін болады. Содан алынатын кедендік баждың мөлшерлемесі артатыны анық. Декларацияны қабылдау брокерлік фирмалардың қағаз немесе элек­тронды тасымалдағыштары арқылы жүзеге асырылып қоймай, “Web-декларант” интернет желісі арқылы атқарылады. Сонымен қатар, кәсіпкер брокерлік фирма қыз­ме­тіне жүгінбей-ақ, желі мүмкіндігін ескере отырып, өзінің тауарын кедендік ресімдеуден өткізе алады. Өкінішке орай, “ауруын жасыр­ған өледі” демекші, кеденшілер арасында да жемқорлыққа жол беретін қызметкерлердің бары қынжылтады. Департаменттің ішкі қауіпсіздік бөлімі жүргізген қыз­мет­тік тергеулердің барысында 16 қыз­меткер тәртіптік жауап­кер­шілікке тартылып, 1 қылмыстық іс қозғал­ды. Расы керек, бұл орайда, Аста­на­лық департамент сыбайлас жем­қорлыққа қарсы білек түре кірісті. “Нұр Отан” ХДП Астана қалалық филиалымен Астана қаласы бой­ын­ша кедендік бақылау департаменті індетке айналған жемқорлықпен күресте өзара іс-шаралар жоспарын бекітті. Тұрақты түрде кеденшілер арасында сауықтыру жұмыстары, семинар, дәрістер өтеді. Кеден қызметінің халық үшін ашықтығын көрсету мақсатында департаментте “сенім телефоны” қызмет етеді, әкім­шілік ғимараттарда, барлық кеден бекеттерінде жеке және заң­ды тұлғалардың хаттары үшін пош­та жәшіктері орнатылған. Кеден ісі саласында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен қатар кеден органдарының қызметіне азаматтардың сенімділігін арттыру мақсатында қоғамдық ұйымдармен, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен тұрақты түрде жұмыс жүргізу кедендік ресімдеуді, кеден ісі саласында сыртқы эконо­ми­калық қызмет және өзге қызмет­ті атқаратын тұлғалар мен мемлекет арасында қатынастарды жетілдіре түседі. Мәселен, департаменттің контрабандаға қарсы күрес бас­қар­масы 10 қылмыстық іс қозғап, оның ішінде Қылмыстық кодекстің 209-бабы 1-бөлімі бойынша (эко­номикалық контрабанда) – 6, 214-бабының 1-бөлімі бойынша (кеден­дік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару) – 2 және 323-баб бойынша 2 қылмыстық іс қоз­ғалды. Осыған орай алты қылмыс­тық іс сотқа жіберіліп, екі қыл­мыс­тық іс ақталынбайтын негізде тоқтатылды және екі қылмыстық іс тергеу ретімен жіберілді. Қозғалған қылмыстық істер есебін қоса есеп­тегенде мемлекет кірісіне 18 435 765 теңгені құрайтын тауар тәркіленді. Сонымен қатар, қозғалған қыл­мыс­тық істер бойынша тауарлар құны 37 952 765 теңгені құрады. Әкім­шілік құқық бұзушылыққа қатысты бес ай аралығында 354 іс қозғалып, са­лынған айыппұл соммасы 14 202 638 теңгені құрады, оның ішін­де айыппұл көлемі кеден органдарымен 83 610 теңге, ал сотпен 14 119 028 теңгені құрады. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақса­тын­да астаналық кедендік бақылау де­пар­тамент қызметкерлері кеден тө­лемдері мен салықтарының рес­пуб­лика бюджетіне түсіп, мемлекеттің қауіпсіздігін сақтап және эконо­ми­ка­лық мүдделерін қорғап, сыртқы экономикалық қызметке қатысу­шы­ларға қолайлы жағдай жасауға ынталы екенін білдіріп келеді. Әсіресе, Қазақстанның 2010 – 2020 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алу бірыңғай кеден тарифын өндіріске енгізу ке­зеңі келді. Демек, техникалық өн­дірісі дамыған Ресей Федерациясы, Белоруссия сынды мемлекеттердің ғалымдарымен ортақ жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік туды деген сөз. Қазақстандық кәсіп­орын­дар, соның ішінде көптеген орта және шағын кәсіпорындар бар болғаны 15 млн. адамды қамтитын ішкі рынок үшін жұмыс істеп кел­гендігі белгілі. Енді Кеден одағы­ның құрылуына байланысты олар­дың алдында үлкен рынок ашыл­мақ. Бұл кәсіпкерліктің қанат жаюы үшін зор мүмкіндік. Кәсіп­орын­дар, кәсіпкерлер, міне, осы мүмкіндікті пайдалана білулері керек. Александр ТАСБОЛАТОВ.