Ауа райы • 18 Қаңтар, 2026

Павлодарда үсік шалғандар көбейді: 24 адам ауруханаға түсті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қалалық №1 ауруханасының мәліметінше, қыс басталғалы 24 адам үсік шалумен түскен. Дәрігерлер 16 адамның аяқ-қолының саусақтарын кесуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда үсік шалғандар көбейді: 24 адам ауруханаға түсті

Облыс орталығында үсікке ұрынғандар саны арта түскен. Өткен жылдың қазан айынан бері қалалық №1 ауруханаға үсікке шалынған 24 адам хабарласқан.

− Биыл суық ауа райы ертерек, өткен жылдың қазан айында түсті. Сондықтан алғашқы науқастар қазан айының соңында, шамамен бір апта бойы аяз болған кезде келе бастады. Ал жедел үсік шалған науқастар соңғы аязды күндері жеткізіліп жатыр. 16 адамның үсікке қатты шалынғаны соншалық, аяқ-қолының саусақтарын кесуге тура келді, − дейді аурухананың күйік бөлімінің меңгерушісі Асхат Мүрсәлімов.

Соңғы аптада облыстық балалар ауруханасына үсік шалған екі бала түскен. Бір бала тексеруден кейін амбулаториялық емдеуге шығарылған.

СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр

Ал 2024 жылы туған екінші жеткіншек Железин ауданынан жеткізілген. Екі қолы мен саусақтарын үсік шалған. Қыз бала жарақат бөліміне жатқызылған, жағдайы тұрақты.

Ақтүтек боран, саршұнақ аяз: Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Соңғы жаңалықтар