Әлем • 18 Қаңтар, 2026

«Гренландиядан қолыңды тарт»: Данияда жаппай наразылық өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенбі күні Дания астанасы Копенгагенде және елдің өзге қалаларында мыңдаған адам көшеге шығып, Гренландияның егемендігін қолдауға арналған жаппай шеру өткізді. Бұл туралы Euronews мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Гренландиядан қолыңды тарт»: Данияда жаппай наразылық өтті

Фото: Douche Wellе

Наразылық АҚШ президенті Дональд Трамптың жұма күні жасаған мәлімдемесінен кейін ұйымдастырылды. Трамп АҚШ-тың Гренландияны бақылауға алу жоспарына қарсы шығатын елдер «тауарларына баж салығын енгізуі мүмкін» екенін ескерткен.

АҚШ Гренландияны басып алуға ниетті ме?

Айта кетейік, бұл жаппай акция АҚШ Конгресінің екі партиядан құралған делегациясының Копенгагенге сапарымен тұспа-тұс келді. Делегация өкілдері Трамп әкімшілігінің Гренландияға қатысты қатаң мәлімдемелерімен көптеген америкалықтар келіспейтінін жеткізген.

Еуропа Трамптың Гренландия туралы сөзіне қарсы шықты

Копенгагендегі шеруде наразылық білдірушілер Дания мен Гренландияның жалауларын желбіретіп, әкімдік ғимараты алдында қызыл-ақ түстен құралған «теңіз» қалыптастырды. Олар инуит тіліндегі арал атауын айтып, «Калааллит Нунаат!» деп ұрандатқан.

«Мақсат – Гренландия демократиясына және негізгі адам құқықтарына құрмет көрсетуді талап ететін анық әрі біртұтас сигнал жіберу», делінген Даниядағы гренландиялықтардың Uagut қауымдастығының сайтында.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, дәл осындай демонстрация Гренландия астанасы Нуукта да жоспарланған. Ол АҚШ-тың «Гренландияны бақылауға алу жөніндегі заңсыз жоспарына» қарсылық ретінде өтпек.

НАТО-ға мүше үш ел Гренландияға әскер жібереді

Соңғы жаңалықтар