Фото: istockphoto.com
Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері хабарды ала сала екінші ер адамды іздеу жұмыстарына кірісті.
Олар жол таңдамайтын техникалар мен қар шаналарын жұмылдырды. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына кинологтар қатысты. Айрандай ұйыған ауыл азаматтары да атқа қонды.
Ауыл іші жым-жырт болғанымен, бір белден асқан соң ат құлағы көрінбес ақ түтек боран соғып тұрған. Мұндайда маңайды бес саусақтай білгенімен, адасып кету оп-оңай еді.
Абырой болғанда, 1971 жылы туған шопан Қызылсу учаскесінен, шаруа қожалығының маңынан табылды. Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге жеткізді. Ер адамға медициналық көмек қажет болмады.
Шығыс Қазақстан облысы,
Ұлан ауданы