фото:depositphotos.com
Бұған дейін кез келген тұрғын үйде ең аз үлестің болуы халықты мемлекеттік қолдауға үміткер болу құқығынан автоматты түрде айыратын. Қолданыста болған талаптарға сәйкес, өтініш берушінің соңғы бес жыл ішінде меншігінде жылжымайтын мүлкі болмауы тиіс еді. Алайда бұл үлес көбіне формалды сипатта болып, мысалы, ата-анасының пәтеріндегі үлес болғанымен, іс жүзінде адамның өз баспанасы бар екенін білдірмейтін.
Енді бұл шектеу алынып тасталды. Кезекте тұрған азаматтар тұрғын үйдегі үлесі болған күннің өзінде жеңілдетілген ипотекаға немесе жалдамалы тұрғын үйге үміткер бола алады.
«Енді азаматтардың тұрғын үйде үлесі болса да, егер ол кезекте тұрса, мемлекеттік қолдауға қол жеткізе алады. Бұл – банктің бастамасы, себебі заң деңгейінде бұл мәселе әзірге реттелмеген», деп хабарлады «Отбасы банкі».
Бір айда 53 мың мәміле жасалды: Тұрғын үй бағасы қай қалаларда қатты көтерілді?
Қаржы институты бұл шешімнің формальды үлесіне бола баспанасыз қалған көптеген азаматтардың шағымынан кейін қабылданғанын түсіндірді.
Бұған дейін Қазақстанда түрлі санаттағы азаматтарды қолдауға бағытталған мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар жұмысын жалғастырып жатқаны хабарланған еді.