Футбол • Бүгін, 11:33

«Челси» мен «Ливерпульдің» экс-жұлдызы Виктор Мозес «Қайсарға» ауысты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордалық «Қайсар» клубы әлемдік деңгейдегі танымал тұлға, Нигерия құрамасы мен лондондық «Челсидің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Виктор Мозестің сапқа қосылғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Челси» мен «Ливерпульдің» экс-жұлдызы Виктор Мозес «Қайсарға» ауысты

Нигерия құрамасының бұрынғы ойыншысы жаңа маусымда қызылордалық клубтың намысын қорғайды.

«Қайсардың» жаңа құрамы легионерсіз ойнайды

«Виктор Мозес Еуропаның бірқатар алпауыт клубтарында өнер көрсетіп, жоғары деңгейдегі тәжірибесімен танылған футболшы. Оның «Қайсар» сапына қосылуы – команданың алдағы маусымдағы мақсаттарының айқын дәлелі», деп жазды «Қайсар» футбол клубының баспасөз қызметі.

Футбол клубының мәліметінше, клуб басшылығы мен бапкерлік штаб Виктор Мозестің тәжірибесі мен шеберлігі команданың дамуына және жас ойыншылардың өсуіне оң әсер етеді деп сенеді.

«Қайсар» футбол клубын қай бизнесмен қаржыландырады?

Мозес кәсіби мансабында 495 матчқа қатысып, 62 гол мен 47 нәтижелі пастың авторы атанды. Нигерия құрамасының сапында 38 ойын өткізіп, 12 мәрте мергендігімен танылған.

Бұған дейін Португалия құрамасы мен «Манчестер Юнайтедтің» аңызға айналған ойыншысы Луиш Нани ресми түрде «Ақтөбе» футбол клубының сапына  қосылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар