09 Шілде, 2010

МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫНДАҒЫ МЕРЕЙЛІ ІСТЕР

596 рет
көрсетілді
18 мин
оқу үшін
Еліміздің батыс өңірлері мұ­най-газ кешені арқылы Қазақстан экономикасына серпінді күш беріп келе жатқандығы жасырын емес. Соңғы жылдары Елбасы-мыз­дың елімізді шикізаттық эко­номикадан тәуелсіз ету жолында үкіметке берген тапсырмалары жүзеге асу үстінде екеніне таяуда ғана облыстарда іске қосылған жаңа кәсіпорындар дәлел бола алады. Оның қатарында Маңғыс­тау облысындағы “Ақтау битум зауыты” бар. Жаңа зауыт толық­тай жұмыс істеп, өнім бере бас-таған кезде битумды арзан бағаға алу арқылы кәдеге жаратып, 2 жыл ішінде Маңғыстау ауданын­дағы автокөлік жолдары толық жаңартылмақ. Түрлі салаларға негізделген кешендер арқылы екі аяғы тең басқан, яғни әртараптан­дырылған сан қырлы экономика міне, осылайша қалыптаспақ. Жергілікті жердегі осындай өрелі істі өз көзімізбен көру үшін жақында іссапармен Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданына барып-қайттық. Іссапар барысын­да ауданның өндіріс пен инфра­құрылымдық дамуындағы алға басушылық ескі проблемалары жаңа сипатта шешімін табуына әсер еткендігін байқадық. Оны аудан әкім Қармыс Боқановтың өз аузынан естідік. Мұндағы №1 мәселе немесе ауыз су мәселесі екен. Жаратқан­ның көл-көсір теңіз беріп, ал төңірегін тұщы суға зарықтырып қойған құдіретін қарасаңызшы. Аудан орталығы Шетпе ауылы ғана емес, кейбір елді мекендер ауыз су тапшылығын көріп отыр. Дегенмен, бұл мәселе соңғы кез­дері қолға алынып, қалыпқа келуде. Шетпе халқы жыл сайын өсуде, атап айтқанда 2006 жылы 11 мың болса, биылғы жылы 13 мыңға жетіп отыр. Аудан халқы Ескі Шетпедегі бұлақ көздерінен жиналған су қоймасы суының жетіспеушілігін сезінуде. Сондық­тан жергілікті бюджет қаржысына су жеткізудің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, ол “2004-2010 жылдары ауыл-аймақты дамыту” бағдарламасына енгізілді. Бағдарлама бойынша Шетпе елді мекеніне Көгезден су құбыры құрылысына (1-кезеңге) 921,5 млн.теңгенің және ауыл­ішілік су құбыры құрылысына (2-кезеңге) 930,0 млн.теңгенің жұ­мыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс­тарды “Альянс ЛТД” ЖШС ат­қармақ. 2010 жылға республика-лық бюджеттен 1,2 - кезеңге 160,0 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. Қалған қаржысын бөлдіртуге минис­трлікке ұсыныс берілді. Сондай-ақ, ауданға қарасты Шебір ауылын сумен жабдықтау қарастырылуда. Тағы бір тың жаңалық. Маң-ғыс­тау ауданында шұбат цехы ашылмақ. Жуық арада ашылатын жаңа цехта жоспар бойынша 10-12 адамға жұмыс істейді. Ондағы барлық жұмыс үдерісі автоматтан­дырылған. “Шығатын құтының өзіндік құнын азайту үшін жұмыс орнын көптеп аша алмаймыз”, дейді аудан әкімінің орынбасары Абзал Сарбалаев. Ал өнімнің әлеует­ті тұтынушылары аудан ау­мағында орналасқан мұнай кен­орындары мен компаниялары болмақ. Бұл өнімді көптеп дайын­дауға, ұлттық сусынның дәріптеліп, кең құлаш жаюына көмектеседі. Сондай-ақ, 5 гектар жер арнайы дайындалып, жылыжай жобасы жүзеге асырылып жатыр екен. Мұ-ның барлығы аудан тұрғындарына сырттан келетін өнімдерді емес, жергілікті жердің өнімін тұтынуға жағдай туғызады. Жол мен көрсе­тілетін қызмет түрлеріне төленетін қосымша шығын болмайтындықтан жергілікті өнімнің тұрғындарға төмен бағамен босатылатыны бел­гілі. Ауданда маусымдық көкөніс өнімдерін егумен айналысып отырған 34 шаруа қожалықтары мен жеке тұлғалар бар. Жергілікті тұрғындарды өз бақша өнімдерімен қамтамасыз етуде алатын үлес 10 пайыздан 12 пайызға өскен. Кәсіпкерлер шұбат цехы мен жылыжай ашылуына байланысты үстіміздегі жылдың 1 тамызына дейін нақты ұсыныстар бермек. 2009 жылы ауданға белгіленген кіріс жоспары 3 955 480 мың теңге орнына 3 984 331,3 мың теңге болып, 100,7 пайызға орындалған. Алдыңғы жылдармен салыстырған­да, салық түсімі 277,8 пайызға артқан. Республикалық бюджет жоспары 100 пайызға орындалып, жергілікті бюджет жоспары 100,7 пайызға орындалған. Ауданға негіз­гі түсімді құрайтын мұнай өнер­кәсібімен айналысатын кәсіп­орындардың мүлік және жер салық­тары 2 356 227,6 мың теңге болды. Аудан бойынша 1 724 салық төлеуші тұлға бар екен. Бұл 10-нан астам елді мекен қарайтын ауданға өте аз көрсеткіш. Заңды тұлғалар саны 375, жер қойнауын пайдала­ну­шы кәсіпорын – 37, 8. Ал ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру­шілер патент жүйесімен жұмыс жасайды. Аудан әкімі Қармыс Боқанов жер қойнауын игеріп жат­қан компаниялардан ауданға тү­сетін пайда төмен екендігін айтып өтті. Аудан аумағында орналасқан мұнай кәсіпорындары жергілікті жер бойынша тіркелмейтіндіктен жер егесіне пайда түсірмейді. Жер­гілікті бюджетке 1 теңге де салық тө­­ле­­мейтіндіктен ондағы тұрғын­дар­ға да пайдасы аса көп болмай тұр. Жол. Бүгінде темір тұлпарсыз жүретін шаруа адамы жоқтың қасы. Ал оның ұзақ қызмет етуі мен пайдасы жүретін жолға байланыс­ты. Маңғыстау ауданында айтылып жүрген жол жыры бір бұл емес. Ауызды қу шөппен сүртпей-ақ қояйық, өткен жылы аудандық маңызы бар және ауылішілік автокөлік жолдарына ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, Тұщықұдық ауылында әртүрлі тараптағы ұзын­дығы 2,8 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. “Шетпе-Ұштаған” автокөлік жолы­ның 8-56 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жасал­ды. Ал Шетпе ауылының ауыл­ішілік Қызылтұран, Базарлы ауыл, Құрылысшы, Жаңа орпа көшеле­рінің жолдарына да орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Толық, күрделі жол жөндеулерін жүргізуге тек республика бюджетіне жалтақ­тау дұрыс емес, бұл мәселеге жер­гілікті жердегі мұнай компа­ниялары қол ұшын берсе сауапты іс болар еді. “Жол картасы”. Өткен жылы өңірлік жұмыспен қамту және мамандарды даярлау стратегиясын іске асыру шеңберіндегі “Жол картасы” негізінде ауданға қарасты ауылдарда 2 орта мектеп, 3 ауыл­дық мәдениет үйі, 2 балабақша күр­делі жөндеуден өткізіліп, тұр­ғындар игілігіне қызмет көрсетуде. Биыл 2010 жылға “Жол картасы” бағдарламасымен Маңғыстау ауданына 80,64 млн. теңге бөліну жоспарланған. Бағдарламаға сәйкес Тұщықұдық, Оңды, Шетпе ауылда­рының жолдары жаңадан асфальт­талып, жартылай күрделі жөндеу­лерден өтті. Елбасымыз өзі негізін қалаған Ақтаудағы битум зауыты толық іске қосылған уақытта арзан өніммен қамтамасыз ету арқылы екі жыл ішінде аудан орталығы толық асфальтталмақ деп жоспар­лануда. Оған дейін бірде бөлініп, бірде бөлінбей қаржы бөлінгенімен, там-тұмдап бөлінген ақша жол берекесін келтірмесі анық. Сон­дық­тан “Ақтау битум зауыты” то­лық іске асып, өнім бере бас­тауына аудан тұрғындары өте мүдделі. Аудан көлеміндегі тағы бір инвес­тициялық жоба - Шетпе ауылы жанында орналасқан “Кас­пийце­мент” ЖШС цемент өндіру зауыты бойынша жұмыс іске асырылуда. Бүгінгі күні Шетпе елді меке­нінің автокөлік жолдарын жөндеуге 400 млн. теңгеге ЖСҚ-ы дайын. Шетпе ауылының 8,75 шақырым автожолын жөндеуге “Жол карта­сымен” 50 млн.теңге бөлінді. Ауылды абаттандыру мен тазалық жұмыстарына 14,52 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңге 5,1 млн. теңгесі игерілді. Жастар тәжіри­бесін ұйымдастыруға 26 жас маманға 1,8 млн. теңге қаралып, ол 100 пайызға игерілді. Сонымен қатар Жыңғылды елді мекеніндегі ауылдық клуб 14,17 млн.теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліпті. Бұл жұмыстардың барлығы аяқталған кезде халық үшін пайдасы да көп болар деген ойдамыз. Венера ТҮГЕЛБАЙ. АСТАНАҒА ТОЛАҒАЙ ТАРТУ Еліміздің үдемелі индустриалды-иннова­ция­лық даму бағдарламасы аясында соны серпіліспен келе жатқан сырбойлықтар Астана күні мерекесі қарсаңында ел игілігіне толағай тартулар жасады. Айта кету керек, Сыр аймағында күн құрғатпай ондаған өндіріс орындары ашылып, сан алуан саланың сәнді ғимараттары бой көтеріп, есіктерін айқара ашуда болса, тұрғындарға пәтер кілттері де табысталуда. Санамалап айту әсте мүмкін де емес. Ендігі сөз кезегін осындай игілікті істердің бірлі-жарымына берелік. Қармақшы ауданының орталығы – Жоса­лы кентіндегі “БИС” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанынан шағын мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. Осы зауыттың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Биғали Қаюпов Елбасының барша қазақстандықтарға арнаған ағымдағы жылғы Жолдауында тапсырылған “Бизнестің жол картасы – 2020” шеңберіндегі міндеттерді орындау үшін қармақшылық кәсіпкерлер тарапынан жеті жоба ұсынылғанын айрықша атап өтті. Осы жобалардың төртеуі қолдау тапқан. Ағымдағы жылы жүзеге асырылуға тиісті бұл жобалардың жалпы құны 6 млрд. 19 млн. теңгені құрайтын көрінеді. Бүгінгі ел игілігіне беріліп отырған шағын мұнай өңдеу зауыты – соның бірі. Осы бір іргелі іс осыдан тұп-тура бес жыл бұрын тұрғындар тарапынан мұнай вагондарын жуып, тазартқаннан кейінгі қалдықтарды кәдеге жаратпаса, экологиялық зардаптардың ұлғаятындығы жайлы ұсыныстарынан кейін бастау алған. 2007 жылы зауыттың іргетасы қалана бастағаннан ұжымдағы білікті де білімді азаматтар көмірсутегі шикізаттарын және жуылған мұнай өнімдерін қайта қорыту жайын түбегейлі зерттейді. Алғашқы екі кезеңде 916 млн. 400 мың теңге инвестиция тартылып, 150 адам жұмысқа тартылады. Міне, осы зауыт іске қосылып, тәулігіне 7 тонна, жылына 25 мың тонна дайын өнім шығарып, зауыттың жанар-жағармайлары  ішкі қажеттіліктер мен ауыл шаруашылығы құрылымдарына беріле бастады. “БИС” серіктестігі басшыларынан білуімізше, өткен жылғы әлемдік қаржы дағдарысы өндіріске де өзінің кері әсерін тигізген көрінеді. Бұрын мұнай қалдықтарын отқа жағып, қалған бөлігі шетелге жіберіліп отырған. Енді, міне, осы жарамсыз заттарды жаңа технологиямен тереңдете өңдеудің жолын тауып, Үкіметтің ресми рұқсатын алып отыр. Жақында Фракцияның Канн қаласындағы ғылыми-практикалық конференцияға арнайы шақыру алып, алтын медальмен марапатталған қармақшылық серіктестіктің алар асуы әлі алда екендігіне көз жеткіздік. Сондай-ақ, Астана мерекесі күні қарсаңын­да Жаңақорған ауданының Қаратау бөктеріне қоныс тепкен “Шалқия – Неруд компания­сы” ЖШС-і сағатына 300 тонналық жылжымалы тас майдалау кешенін іске қосты. Ұлыбританияның “TEREXS” компаниясының өндіріске негізделген үш бөлек алып агрегаты Қаратаудың қатпар тасына ауыз салды. Өндірістік сұранысқа сай 6 түрлі фракцияда тас шығаратын жылжымалы тас майдалау зауыты негізінен “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” тасжолының мердігерлеріне қиыршық тас дайындауда. Нақтылай айтар болсақ, Шалқия – Неруд компаниясы” ЖШС-і “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” автожолының бас мердігері “Тодини Конструкцион” компаниясының 1 млн. 300 мың тонна тапсырысын мерзімінде орындау жолында жемісті жұмыс атқаруда. Бүгінде аталмыш өндіріс орнында 44 адам еңбек етіп жатса, олардың басым бөлігі – жергілікті тұрғындар. Аудан әкімі Бекмырза Еламановтың айтуынша, аудан аумағында 4 инвестициялық жоба өңірлік бағдарламаға енген. Олар: “Тасбұлақ”, “УАД”, “Шалқия – Неруд компаниясы” ЖШС тас зауыттары мен көкөніс-бақша өнімдерін өндіретін “Тату Агро” шаруа қожалығының томат өңдеу зауыты. Ал, мұнан өзге “СКЗ-У” ЖШС-нің күкірт қышқылы зауыты құрылысының басталуы ауыл шаруашылықты ауданның өндірістік-ауыл шаруашылығы ауданына айналуына негіз қалап отыр. Астана мерекесі қарсаңында Сыр аймағын­да инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында тағы бір жағымды жаңалық болды, яғни Қызылорда қаласында орналасқан “Ша­пағат сүт” ЖШС иелігіндегі нан зауыты іске қо­сылды. Оны пайдалануға беру рәсіміне об­лыс әкімі Болатбек Қуандықов қатысып, іргелі зауыттың игілікті ісіне өз ризашылығын жеткізді. Серіктестік директоры Данияр Алдоң­ғаровтың пайымдауынша, бұл зауыт қала тұрғындарының 63,3 пайызын нан өнімдерімен қамтамасыз етпек. Бүгінде Қызылорда қаласында бір бөлке нан 30-35 теңгеден болса, аталмыш серіктестік салмағы 500-600 грамм болатын нан өнімдерін өндіреді екен. Қазір зауытта 5 пеш орналастырылса, алдағы уақытта пеш саны 12-ге жеткізілмек. Демек, сол кезде өндіріс аумағында атқары­латын істің ауқымы арта түспек. Әзірге серік­тестік өнімдері “Ақниет” сауда орталығында сатылуда. Ал алдағы уақытта қаланың түкпір-түкпірінен сауда нүктелерінің қатарын көбейтуді қолға алып жатыр. Астана күні мерекесі қарсаңындағы Сыр аймағындағы тағы бір жағымды жаңалық арзан “көгілдір отын” қызылордалықтардың игілігіне беріле бастады. Атап айтқанда, “Қызылор­дагаз” ЖШС-і жаңа өндіріс орнын ашып, яғни серіктестік иелігіндегі модульді типтегі газ жинақтаушы бекетте газ балондарына сұйы­тылған  газ құйыла бастады. Ескерте кетейік, Қызылорда қаласы тұрғындары үшін кіші сыйымдылықтағы газ баллоны – 450 теңгеге, ал үлкен сыйымдылықтағы газ баллон 900 теңгеге босатылуда. Көпшілікке мәлім, Ақшабұлақ кенішінде ілеспе газды өңдеу кешені іске қосылғаннан бері тұрғындардың жылуға кететін шығындары күрт азайып, бизнестің де өркен жаюына жағдай жасалған. Ендігі кезекте қоғамдық көліктерді де сұйытылған газбен жүргізу қажеттігі туындап отыр. Сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау ошақтарын жылытуды да газға көшіру мәселесі кезекте тұр. Бүгінгі таңда жаңадан пайдалануға берілген 1200 орындық білім ошақтарына жылу жағармай арқылы берілуде. “Қызылордагаз” ЖШС-нің алдағы жұмыс жоспарларында қала ғана емес, елді мекендерге де арзан сұйытылған газды жеткізу міндеті тұр. Демек, Сыр тұрғындарының мұқтаждарын өтеуге бағытталған ізгілікті іске сәттілік тілейміз. Сөз орайы келген соң тағы бір жағымды жаңалыққа назар аударалық. Жуықта таңғы сағат 7-де Қызылордадағы “Қорқыт ата” әуе­жайына Алматыдан ұшып шыққан канадалық “Bombardіer CRJ-100” реактивті жолаушылар ұшағы келіп қонды. Бұл қазақстандық “Иртыш Эйр әуекомпаниясы” АҚ ұшағының Қызылордаға жасаған алғашқы рейсі. Аталмыш компания ұшақтары бүгінгі таңда Алматы қаласын Қостанай, Павлодар және Өскемен қалаларымен байланыстырып отырса, енді, міне, олардың қатарына Сыр елі де қосылды. Бұл ұшақ бортына 50 жолаушы алып, сағатына 800-850 шақырым жылдамдықта екі қала арасын бір жарым сағатқа жуық уақытта ұшып өтеді. Бұл рейс Қызылорда мен Алматы арасына да аптаның бейсенбі және сенбі күндері қатынайды екен. Алдағы уақытта “Қорқыт ата” әуежайында сыйымдылығы 148 адамдық “Эйрбас – А320” ұшақтары да ұша бастамақ деген болжам бар. Сыр елінің Астана тойына тағы бір тартуы – Қызылорда қаласының тұрғындарына 30 және 50 пәтерлік ипотекалық тұрғын үйлердің кілттері табыс етілді. – Айта кету керек,– дейді өз сөзінде қала әкімі Мархабат Жайымбетов, – соңғы бес жылда шаһарымызда 21 көпқабатты үй бой көтерді. Ал, 2010 жылға республикалық бюджеттен ипотекалық тұрғын үй құрылысына 532,35 млн. теңге, арендалық тұрғын үй құрылысына 502,924 млн. теңге қаржы қарас­тырылды. Алдағы уақытта қаламызда тағы да екі ипотекалық үй пайдалануға берілмек. Сонымен жыл өткен сайын емес, ай өткен сайын айшықталып келе жатқан Сыр аймағы Астана мерекесіне осындай толағай тартулар жасады. Еркін ӘБІЛ, ҚЫЗЫЛОРДА.