Әлем • 27 Қаңтар, 2026

Инвестиция көлемі 1,4 млрд доллар: Венесуэланың мұнай нарығы өзгере ме?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венесуэла 2026 жылы мұнай саласын дамыту үшін 1,4 млрд доллар инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Елдің уақытша президенті Делси Родригес мұнай өндірісін кемінде 18%-ға арттырып, әлемдік нарықтағы жетекші позициясыны қайтаруды көздейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Инвестиция көлемі 1,4 млрд доллар: Венесуэланың мұнай нарығы өзгере ме?

Фото: istockphoto.com

Венесуэла билігі биыл мұнай секторына салынатын инвестиция көлемін айтарлықтай ұлғайтпақ. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылы бұл салаға құйылған қаржы 900 млн долларды құраған болатын. Делси Родригестің айтуынша, инвестиция ағынының артуы тікелей мұнай саласындағы реформалармен байланысты.

Вашингтон Венесуэланың мұнай саласына 100 млрд доллар инвестиция салады

Жаңа ережелерге сәйкес, енді жекеменшік компаниялар шикізатты өз бетінше өндіруге және сатуға құқылы. Бұл қадам салаға жаңа дем беріп, өндіріс процесін жеделдетпек. 2025 жылдың қорытындысы бойынша республикада тәулігіне 1,2 млн баррель мұнай өндірілген.

АҚШ Венесуэла мұнайынан 4 млрд доллар пайда тапты

Қазір Каракас өндіріс көлемін кемінде 18%-ға көбейтіп, әлемдік жетекші мұнай жеткізушілер қатарына қайта қосылуды стратегиялық мақсат етіп отыр. 

«Қара алтын» арзандаса, қазына ортаймай ма? Венесуэла факторының қазақ экономикасына әсері

Соңғы жаңалықтар