Ғалам ғажаптары • 28 Қаңтар, 2026

Сәбидің есімін мемлекет бекітеді

11 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кей елдерде есім қою ата-ананың еркіне толық берілмей, мемлекет бақылауына алынған. Мұндай тәжірибе бүгінге дейін сақталып, ғаламдағы ең тосын құқықтық құбылыстардың бірі саналады.

Сәбидің есімін мемлекет бекітеді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Исландияда жаңа туған балаға қойы­латын есім арнайы мемлекеттік комитет­тің рұқсатынсыз тіркелмейді. Бұл орган есімнің исланд тілінің заңдылығына сай келуін, грамматикалық құрылы­мын және баланың болашақта кемсітушілік­ке ұшырамауын қадағалайды. Мысалы, әліпбиде жоқ әріптері бар немесе шетел­дік дыбысталуы тым өзгеше есімдерге тыйым салынған. Егер ата-ана ұсынған есім­сой талапқа сай келмесе, бала уақытша бей­тарап есіммен тіркеледі.

 

Дайындаған –

Рамазан ОРЫНБАСАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

 

Соңғы жаңалықтар