Жаңа рейсті орындаушы ретінде «Qazaq Air» АҚ анықталған. Билеттердің бағасы шамамен 16 000 теңге деңгейінде болады және тіркелген жолаушылар тасымалы осы маусым айынан бастап жүзеге асады.
Балқаш әуежайында кешенді жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақындап келеді, бұл өңірдің әуе қатынасын дамытуға, туристік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Алматыдан Балқашқа бағыт ашу үшін де конкурс өткізу жоспарда бар.
Әуе рейсінің қайта ашылуы өңірге жолаушылар ағымын арттырып, кәсіпкерлік пен туризм саласының дамуына оң ықпал ететіні күтілуде.
Айта кетейік, елімізде алдағы үш жылда бірнеше өңіраралық әуе рейсі іске қосылады.