Саясат • Кеше

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай орталық органдар қызметшілерімен мемлекеттік қызметті дамыту бағыттарын, басым міндеттерін талқылауға арналған кездесу өткізді. Басқосуда Президенттің Ұлттық құрылтайдың V отырысында айқындаған бағдарлары аясында мемлекеттік сектордағы ұйымдастырушылық мәдениетті жаңғырту мәселелері қаралды.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі

Сурет: astanazan.kz

Аталған өзгерістер мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және қоғам сенімін нығайтуға арналған. Жиын барысында мемлекеттік қызметтің гибридті моделін енгізу, жеке және квазимемлекеттік сектордан кәсіби кадр тарту, сондай-ақ «eQyzmet» цифрлық іріктеу жүйесі арқылы ашықтық пен меритократияны күшейту жөніндегі іс-шаралар таныстырылды.

Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметші кәсіби, жауапты және қоғам сеніміне ие тұлға болуға тиіс екенін атап өтіп, ашық, әділ және адамға бағдарланған мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісін қалып­тас­тыруға белсенді қатысуға шақырды.

Сонымен қатар Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай Сенат жанындағы «Талдау мектебінің» тыңдаушыларымен кездесті. Жүздесуде мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, цифрландыру, HR-үдерістерді жетілдіру, жасанды интеллект тақырыптарын қамтыды.

Іс-шара барысында Агенттіктің мемлекеттік бас­қа­руға заманауи технологияларды енгізу бағы­тын­дағы негізгі бастамалары таныстырылды. Әсіресе «eQyzmet» интегра­цияланған ақпараттық жүйесі негізінде әзір­ленген мемлекеттік қызметке іріктеудің толық автомат­тан­ды­рыл­ған жаңа моделіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ қатысушыларға кадрлық әлеуетті бас­қа­ру­ға арналған интерактивті аналитикалық материал­дар көрсетіліп, стратегиялық басқарушылық ше­шім­­дер қабылдауда деректерді талдаудың маңызы аталып өтті. Мемлекеттік басқару саласына жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағыт­­талған «AI зертханасының» таныстырылымы қатысу­шы­лар­дың ерекше қызығушылығын тудырды. Атап айт­қанда, «Smart HR» интеллектуалды кадр іріктеу платформасының мүмкіндіктері ұсынылды.

Бұдан бөлек, Дархан Жазықбай «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» және «Адал азамат» қағидаттарының орнығуы Әділетті Қазақстанды қалыптастырудағы негізгі ұстаным екенін айтып, қатысу­шы­ларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Кездесу соңында «Талдау мектебі» тыңдаушылары мем­ле­­кеттік қызметті одан әрі дамыту, цифрлық шешім­дер­ді енгізу және жасанды интеллектіні практи­ка­лық тұрғыда қолдану бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар