Волонтер • Кеше

QazMed Digital: Медициналық волонтерлік жаңа деңгейге шықты

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде медициналық волонтерлікті жүйелі дамытуға бағытталған маңызды қадам жасалды. 2025 жылы QazMed Digital онлайн-платформасы іске қосылып, саладағы еріктілерді оқыту мен үйлестірудің бірыңғай тетігі қалыптасты. Платформада 10 оқу модулі ұсынылып, оған 2 500-ден астам волонтер тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

QazMed Digital: Медициналық волонтерлік жаңа деңгейге шықты

Онлайн-оқыту бағдарламасын 1 200-ге жуық жас қатысушы сәтті аяқтап, тиісті сертификат алды. Бұл олардың медициналық және әлеуметтік бағыттағы еріктілік қызметке кәсіби тұрғыда араласуына жол ашты. Сонымен қатар, медициналық волонтерлікті өңірлерде дамыту мақсатында Астана, Алматы, Шымкент, Семей және Қарағанды қалаларында фронт-офистер ашылды. Бірыңғай корпоративтік стиль бекітіліп, волонтерлерге арналған арнайы экипировка әзірленді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі

Гранттық қолдау аясында волонтерлік ұйымдар бірқатар басым бағыт бойынша жобаларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау, донорлық қозғалысты дамыту, алғашқы және психологиялық көмек көрсету ісі кеңінен қамтылды. Бұл бастамалар медициналық волонтерліктің тек қосалқы емес, қоғам үшін нақты маңызы бар институтқа айналып келе жатқанын көрсетті.

Елімізде волонтерлер саны 300 мыңға жетті

Бұдан бөлек, 2025 жылғы 29 қыркүйек пен 12 қазан аралығында республикалық деңгейде QazMedFest апталығы өтті. Апталық барысында волонтерлікті кеңінен танытуға және жастарды тартуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Жоба қорытындысы бойынша өңірлік кеңселер жұмысының нәтижелері мен үздік бастамалар топтастырылған «Медициналық волонтерліктің үздік тәжірибелері» жинағы жарық көрді.

Тоқаев: Ең пайдалы ұсыныстарыңызды жүзеге асыруға тапсырма беремін

Жалпы, QazMed Digital платформасының іске қосылуы медициналық волонтерлікті кәсібилендіру мен тұрақты дамытуға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық негіз қалыптастырды.

Соңғы жаңалықтар