26 Маусым, 2015

Аптап

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақтөбеде аптап ыстық ұрып тұр. Соңғы екі аптаның ішінде одан зардап шеккен 11 адам ауруханаға түскен. Жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Ниеталиевтің айтуынша, зардап шеккендердің 6-уы бала екен. Ал, үлкендер жағы саяжайда жұмыс істеп, күн өткізіп алған. Сондай-ақ, күні бойы суға түскен екі бала да медициналық жедел жәрдем көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Синоптиктер аптап ыстықтың лебі маусым айы­ның аяғына дейін басылмайтынын айтады. «Қазгидрометтің» Ақтөбе филиалының инженер-си­ноптигі Наталья Сингереваның мәлім­деуінше, ыстық  маусым айының  аяғына дейін біртіндеп көтеріле беретін сыңайлы. Күннің қызуы об­лыстың кей жерлерінде 42 градус­қа дейін жетеді деген болжам бар. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.