Аймақтар • 15 Ақпан, 2026

Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды 

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында ауа сапасының нашарлауына байланысты ертең мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды 

YK-news.kz мәліметінше, 2026 жылғы 16 ақпанда қаладағы барлық мектеп оқушылары үйден оқиды.

«Ертең 0-11 сынып оқушыларының екі ауысымы да қашықтан оқиды. Мұндай шешім екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың сақталуына байланысты қабылданды», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, ауа инверсиясы) жиынтығы.

Еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды

Соңғы жаңалықтар

359 шетелдік байқаушы қатысады

Референдум • Бүгін, 23:50