13 Мамыр, 2015

1941 жылғы 21 маусымда отырғызылған терек

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төрт кезінде, жұрт шырт ұйқыда жатқан кезде басталғаны тарихтан белгілі. Сол соғыс басталардан бір күн бұрын Семейдегі №1 Чернышевский атындағы мектептің түлектері білім ордасының ауласына бізден естелік деп терек көшетін отырғызған. Содан бері 75 жыл өтіп отыр. Сол күні 21 маусымда 10 сыныпты оншақты ғана бала бітірген, аяныштысы – барлығы да бірдей 22 маусым күні соғысқа шақыртылып, бірден аттанған. Көшет болса бүгінде қарияға айналғандай. – Бұл теректің тарихы жыл сайын ұрпақтан-ұрпаққа ауызша айтылып, түсіндіріліп келеді, – дейді №1 мектеп директорының орынбасары Зульфия Бехтольд, – осы арқылы біз оқушыларымыздың патриоттық сезімін шыңдаймыз. Биыл бұл терек ағашының айналасы қоршалып, естелік ретінде мемориалдық тақтайша ілінді. Осы мектептен соғысқа аттанғанның бірі Кеңес Одағының Баты­ры Владимир Засядько, ол тірі бол­ған­да 96 жасқа толар еді.  Мектептің тағы бір аты аңызға айналған түлегі мар­құм Леонид Афанасьев, ол эскадрилья командирі болған, «Тени исчезают в полдень» фильміне музыка жазған композитор ретінде Одаққа танымал еді.  Раушан Нұғманбекова. Семей.