Қоғам • Бүгін, 08:38

Сенімді күшейтуге көмектеседі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Ұлытау өңірлік филиалы ақпараттық-түсіндіру жұмыс­ын жалғастырып жатыр. Облыс көлемінде 400-ге жуық кездесу өткізу жоспарланған.

Сенімді күшейтуге көмектеседі

Кезекті кездесу Жезқазған қаласындағы «Ремстрой» ЖШС ұжымымен өтті. Жиын барысында жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кеңінен таныс­тырылып, оның басты бағыттары мен маңызы түсіндірілді.

Кездесуге Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалды, «Amanat» партиясы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Мырзабеков, «Ремстрой» ЖШС директоры, Ұлытау облыстық мәслихаты­ның депутаты Николай Распо­пов, «Respublica» партиясының Ұлытау облыстық филиалы­ның төрағасы Светлана Оңғар­баева, Қазақстан Халықтық партиясының Ұлытау өңірі бойын­ша төрағасы Оразалы Бақырбаев қатысты.

л

Спикерлер Конституциядағы жаңашыл бастамалардың ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар  сауалдарын қойып, ұсынысын айтты.

«Жаңа Конституция жобасы – ел болашағы үшін маңыз­ды құжат. Ол қарапайым халықтың құқығын қорғауды күшейтіп, әділ қоғам құруға бағытталған. Бұл құжатта әр азаматтың пікірі мен мүддесі ескерілді. Өзгерістер мемлекет пен халық арасындағы сенімді арттыруға көмектеседі. Жаңа Конституция – барлығымызға ортақ жауапкершілік пен жаңа мүмкіндіктердің бастауы», деді Е.Сатыбалды.

Түсіндіру жұмыстары нау­рыз айының ортасына дейін жалғасады.

 

Ұлытау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жолдар жабық тұр?

Қазақстан • Бүгін, 09:28

Полигон аймағы игеріледі

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Дамуға бастар жол

Саясат • Бүгін, 08:48