2026 жылғы 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін азамат өзінің учаскелік комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы қажет. Комиссия оған есептен шығару куәлігін табыс етедi. Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде өкіл арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариаттық куәландыру талап етілмейді.
Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және оның төлнұсқасы берілмейді.
«Бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейтініне назар аударыңыз. Дауыс беру күні өзіңіз болатын жердегі учаскеде есептен шығару куәлігін көрсетіңіз. Учаскелік комиссия Сізді дауыс беруге арналған тізімге енгізеді», делінген хабарламада.
Толық ақпарат алу үшін тұрғылықты елді мекеннің әкімдігінің call-орталығына хабарласуға болады.
Еске салайық, 15 наурызда елімізде республикалық референдум өтеді.