Батыр Мұстафин 21 наурызда түнгі сағат 2-де дүниеге келді. Қала әкімі Қайрат Нүкенов жас отбасын құттықтап, нәрестенің көрімдігіне деп 500 мың теңгенің сертификатын табыс етті.
Ақсу қаласы – металлургтер мен энергетиктер ордасы. Мұнда «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ және «Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ сияқты алып өндіріс орындары шоғырланған. Тіпті, өндірісті қаланың 70 мыңыншы тұрғыны атанған титтей сәбидің өзі де металлургтер әулетінің ізбасары. Салмағы – 3 кило, 300 гр, бойы – 52 см. нәрестенің ата-анасы – Дәурен мен Әйгерім Мұстафиновтар да ферроқорытпа зауытында еңбек етеді екен.
Сөйтіп, кішкентай тұрғынға Батыр деп ат қойылды. Ақсақалдар ел мен жерін қорғаған ұлы батыр бабаларындай рухты, жігерлі болып өссін деп бата берді. Батырымыз үлкен азамат болып өссін. Сәбидің бауы берік болсын деп тілек тілесті. Қала тұрғындары 70 мыңыншы тұрғынның дүниеге келу күнін бір-бірінен сүйінші сұрасып, мерекелік шаралармен атап өтті. Айтпақшы, Ақсу қаласында соңғы үш айда арасында 6 егіз бар 250 сәби дүниеге келіпті. Ал өткен жылғы егіздер саны – 16.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы,
Ақсу қаласы.

Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Кеше
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Кеше
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Кеше
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Кеше