Ауа райы • Бүгін, 11:23

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды

«15 наурызда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Орал, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Ақтөбе қалаларында, түнде Қостанай, Атырау қалаларында күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наурыз айында ауа райы қандай болады?

Соңғы жаңалықтар