Дайындық барысында ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан да тыс қалмаған әлемге танымал боксшылар Төлеби ауданына қарасты Ақбастау ауылындағы №760 референдум учаскесіне арнайы келіп, азаматтық борыштарын орындап, өз таңдауларын жасады.
Ұлттық құрама сапындағы ағалы-інілі Айбек, Нұрбек Оралбай, Махмуд пен Төрехан Сабырхандармен қатар Сағындық Тоғамбай, Нұрлан, Даниял Сапарбай және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы сынды боксшылар мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әрбір азаматтың белсенділігі аса маңызды екенін танытты.
Айта кетелік, Төлеби ауданы аумағында 69 референдум учаскесі бар, 69 358 азамат дауыс беру құқығына ие.