Ата заң • Бүгін, 19:10

Жаңа Конституция – волонтерлікті нығайтуға кең мүмкіндіктер ашады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық волонтерлік желінің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Вера Александровна Ким Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Қазақстанда волонтерлікті қолдауды конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныс білдірді. Бұл бастама комиссия жұмысы аясында қолдау тауып, кейінгі конституциялық өзгерістерде өз көрінісін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz

Жаңа Конституция – волонтерлікті нығайтуға кең мүмкіндіктер ашады
Орталық сайлау комиссиясы республикалық референдумдағы дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жалпы санының 73,12 %-ын құрады. Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешімді қолдап дауыс берген азаматтардың саны 87,15 %-ды құрады.
«Жаңа Конституцияның қабылдануы волонтерлікті дамытуға және волонтерлік қозғалысты нығайтуға кең мүмкіндіктер ашады. Бүгінде волонтерлер әлеуметтік, экологиялық және гуманитарлық мәселелерді шешуге елеулі үлес қосып, ел бойынша мыңдаған жанашыр азаматтарды біріктіріп отыр», делінген хабарламада
Ұлттық волонтерлік желі волонтерлікті дамыту және волонтерлік ұйымдарды қолдау бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып келеді. 
 
 
Соңғы жаңалықтар

Жасанды интеллект: мифтен механикаға дейін

Жасанды интеллект • Бүгін, 18:16