Президент • Бүгін, 17:41

Мемлекет басшысы: Ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы ғылыми қауым алдында сөйлеген сөзінде айтты. Президент қаражатты басымдықтарға қарай жұмсаған жөн деп санайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы: Ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Фото: Ақорда

Президент ғылымға бөлінген қаржы бірнеше есе артқанын атап өтті.

«Мемлекет соңғы алты жылда ғылымға арналған қаржыны бірнеше есе ұлғайтты. Жыл сайын ғылымға 200 миллиард теңгеден астам, тіпті, бұдан да көп, 500 миллион доллардан аса қаржы бөлінеді. Бұл – Қазақстан үшін қомақты ақша. Алайда ғылымды қаржыландырудың нақты нәтижесін әзірге көре алмай отырмыз. Бас прокуратура салалық министрлікте және Ғылым қорында көптеген әрі ауқымды қаржылық заңбұзушылықтарға жол берілгенін әшкереледі. Неліктен осылай болғанын тап басып айту қиын. Грант алушыларды аккредиттеуден бастап қаржыландыру үдерісінің барлық кезеңінде кемшіліктер көзге көрініп тұр. Менің түсінігімде, ғылым мен жемқорлық бір біріне кереғар құбылыс, екеуі қатар аталмауға тиіс. Мемлекет қаржысын жымқырғысы келетін кез келген әрекетке тосқауыл қоятын сүзгі не кедергі жоқ», деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев: Ғылыми әзірлемелерден ауыз толтырып айтарлық экономикалық әсер әзірге жоқ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ғылыми үдерісті дамыту тұжырымдамасы қалыптаспаған.

«Ғылыми үдерісті дамытудың тұжырымды көзқарасы қалыптаспаған. «Әйтеуір қаражатты қалайда игерсек болды» деген ұстаным тамыр жайған. Ғылыми жұмыстың нақты пайдасы, жаңашылдығы қандай? Оған ешкім бас қатырмайды. Бұған қоса, сараптама ұзаққа созылады. Жобалар уақтылы іске аспайды. Үкімет аталған мәселелерді егжей-тегжейлі тексеріп, жағдайды түзеу үшін шұғыл шаралар қабылдауы қажет», деді Президент.

Президент: Цифрландыру мен жасанды интеллектінің дамуына баса мән беруіміз керек

Соңғы жаңалықтар