Саясат • Бүгін, 08:02

Экологиялық жобаларға ерекше көзқарас қажет

0 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшы­сының «Таза Қазақ­стан» бас­тамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүр­гізу ор­талығының отыры­сын өткізді. Онда көгал­дандыру, оның ішінде орман алқап­тарын құру, өңірлерде экологиялық жобалар­ды жүзеге асыру мәсе­лелері қаралды.

Экологиялық жобаларға ерекше көзқарас қажет

«Президентіміздің «Таза Қазақ­стан» бастамасының негізгі қа­ғи­д­аттары, оның ішінде халықтың эколо­гиялық мәдениетін қалып­тастыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа ұқып­ты қарау сияқты негізгі құн­ды­лықтар еліміздің жаңа Конституциясында нақты бекітілген. Табиғатты қорғау – құр сөз емес, ол бар­ша­мыздың ортақ консти­туциялық борышымыз. Еріктілер ұйымдары мен жастардың әлеуетін пайдалануымыз керек. Олар­дың белсенді қатысуы табиғатқа қамқорлықпен қараудағы сабақтастықты қам­тама­сыз етеді. Біз Конс­титуцияда бекітіл­ген жаңа экологиялық мәде­ниет­тің негізін қалаймыз. Арал теңізі аймағында ағаш отырғызу және экологиялық ахуалды жақсарту бойынша жүр­гізі­ліп жатқан ауқымды жұ­мыс­тар Мемлекет басшы­сының экологияны қалпына келтіру және сақтау, қауіпсіз қоршаған ортаны дамыту қағидаттарына деген берік ұстанымын көрсетеді. Қазір онда сексеуіл алқаптары егілуде. Олар тұзды дауыл­дарға тосқауыл болып, өңірдің экожүйесін қалпына келтіруге ықпалын тигізеді», деді Премьер-министр.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздегі орман алқаптары және Арал теңізінің құрғаған түбіне ағаш отырғызу жұмыс­тарының барысы туралы баяндады. Жергілікті атқарушы органдардың экологиялық іс-шаралар өткізу, аумақ­тар­ды абаттандыру, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою және «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыруға халықты экологиялық ак­цияларға тарту жұ­мыс­тарын ұйымдастырып, үйлес­тіру­ге тиіс екені ерекше атап өтілді. Осы орайда Ақмола, Шығыс Қаза­қ­стан, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау об­лыс­тарының және Шымкент қала­сының әкімдері баяндама жасады.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша 2021–2025 жылдар аралығында республикада шамамен 1,6 млрд ағаш отырғызылды. Ал биыл 210 млн-нан астам көшет егу жоспарланған. Жалпы ауданы 2,7 мың гектар болатын 243 орман тәлімбағында шамамен 157 млн көшет өсіріліп жатыр. Осы жылы тағы 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Олардың әр­қайсысының өндірістік қуаты жылына 6 млн көшетті құрайды.

Арал өңірінің экожүйе­сін қалпына келтіру шең­берін­де 2021–2025 жылдары мелиорациялық орман жұмыстары 1 млн гектардан астам алқапта жүргізілді. Ал қазіргі уақытта 165 мың гектар алқапта жалғасып жатыр. Ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз ету мақ­­сатында өңірде Қазақ орман шаруа­­шылығы және агроорман мелио­ра­ция­сы ғылыми-зерттеу инсти­туты­ның филиалы құрылды. Арал теңізінің құрғаған түбінде тәлімбақ құрылысы жүргізіліп жатыр. Соны­мен қатар «Арал Орманы» мем­лекеттік табиғи резерватын құру жұмысы аяқталуға жақын.

Премьер-министр мем­лекеттік органдар мен әкім­діктердің назарын мәлім­дел­ген жоспарларды орын­дауға ғана емес, сондай-ақ егілген ағаштардың көп көлемде жерсініп кетуін қамтамасыз ету қажеттігіне де аударды. Осыған байланысты Эко­логия және табиғи ресурстар министрлігі әкім­діктер­мен бірлесіп, көшет­тердің жер­сініп кетуін міндетті түрде қадағалай отырып, биылға жоспарланған отырғызу көле­мін жүзеге асыруды қам­тамасыз етуге тиіс. Сон­дай-ақ Мемлекет басшысы жа­рия­­­лаған цифрландыру жылын ескере отырып, жерді қашықтықтан зондтау, дрондар мен ЖИ элементтері сынды цифрлық шешімдерді белсенді енгізу тапсырылды. Биылғы сәуір айының соңына дейін Қызылорда және Түркі­стан облыстарындағы Арал теңізінің құрғатылған түбі­нің 165 мың алаңында ме­­лио­рациялық орман жұмыс­­тарын аяқтау міндеті қойылды.

Орман тәлімбақтары желісін дамытуға ерекше назар аударылып келеді. Премьер-министр Алматы, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында орман тәлімбақтары құрылысын жеделдетуді және алдағы уақытта өңірлерде сапалы көшет қорының болуы үшін жабық өсіру жүйесі бар көшеттерді өсірудің орнықты жүйесін құруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар қалдық­тарды кәдеге жарату мәселесі де сөз болды. Бүгінде 185 млрд теңгеге жеңіл­детіл­ген қар­жы­ландыру қарас­ты­рыл­ған болса, соның ішінде 90 млрд теңгеден астам сома­ға 26 жоба жүзеге асырылып жатыр. Әкім­діктерге жоспар­ланған іс-шара­лардың уақ­тылы орындалуын қам­тама­сыз ету, сондай-ақ жер қой­науын пайдаланушылар­мен бірлесіп, карьерлер аумақ­тары­ның 40%-дан астамын, оның ішінде санитарлық қор­ғау аймақтарының шекара­ла­рын­да көгалдандыру жұ­мыс­тарын жүргізу тапсырылды.

23 наурызда «Мөлдір бұлақ» республикалық акция­сы басталады. Оның шең­берінде бұлақтар мен жаға­лау аумақтарын тазарту, сон­дай-ақ 700-ден астам әлеует­ті су нысандарын тү­ген­деу жоспарланып отыр.

«Таза Қазақстан» бас­тамасын одан әрі жүзеге асыру осы жылға арналған экологиялық акциялардың жаңа циклінің кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Жиында Өңірлік эколо­гиялық саммитке дайындық барысы да пы­сықталды. Іс-шара экология сала­сын­­дағы халықаралық ынты­мақ­тастықты дамыту үшін маңызды алаңға айналатыны атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10