15 Тамыз, 2015

Шарайна

322 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
122 (37) «Прогресс М-26М» жүк кемесі суға батырылады Халықаралық ғарыш стансасының құрамында жұмыс істеген «Прогресс М-26М» кемесі стансадан ажыратылып, орбитадан шығарылған соң, Тынық мұхитының кеме жүрмейтін аудандарында суға батырылады. Ресей Ұшуларды басқару орталығы өкілінің хабарлауынша, ұшу кезінде қызметін өтеген жабдықтар мен экипаждың өмір тіршілігінің қалдықтары тиелген кеме Халықаралық ғарыш стансасынан жергілікті уақыт бойынша сағат 13.18-де ажыратылады. Ал сағат 16.28-де қозғалтқыштары тежеліп, одан кейін «Прогресс» жер атмосферасының тығыз қабаттарына кіреді. Ғарыш кемесінің өртелмеген бөліктерін Тынық мұхиты суына түсіру сағат 17.17-де жүзеге асырылады. Байқоңырдан ұшырылған «Прогресс» жүк кемесі бұған дейін ХҒС экипажына отын, оттегі, азық-түлік, ғылыми тәжірибелерге арналған аппаратура және астронавтар үшін сәлемдемелер жеткізген еді. Содырлар күрдтерге қарсы химиялық қару қолданған ба? АҚШ билігі «Ислам мемлекеті» терроршыл топтарына Иракта химиялық қару қолданған деген күдік келтірді. Кейбір басылымдардың жазуынша, жоғары шенді шенеуніктер «Ислам мемлекетінің» содырлары осы аптада күрдтерге жасаған шабуылы кезінде адамды уландыратын иприт газын қолданған, деп болжайды. Басылым, сондай-ақ, «Ислам мемлекетінің» содырлары иприт газын Сириядан тапқан болуы ықтимал екендігін келтіреді. Өйткені, бұл елдің үкіметі 2013 жылы адам өміріне қауіпті улы заттың көп көлемде сақталғанын мойындаған еді. Содырлар ипритті Ирактан алу мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Қазіргі кезде АҚШ-тың арнайы қызметі аталған мәселені тексеруді қолға алған. «Ең қауіпті адам» түрмеде ажал құшты 122 (8) Калифорния штатындағы Фолсом қаласындағы «Сакраменто» аталатын түрмеде болған тәртіпсіздіктер кезінде бір адам өліп, он бір жазасын өтеуші ауруханаға жеткізілген. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 71 жастағы Хьюго Пинелл есімді өлген әлгі адамды «Калифорнияның түрме жүйесіндегі ең қауіпті адам» деп атайды екен. Сондай-ақ, өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген ол афроамерикалық түрмелерде солшыл радикалдық топ – «Қара партизандық отбасын» ұйымдастырушы Джордж Джексонның жақын досы болған көрінеді. Ал түрмедегі тәртіпсіздікке 70-тен астам жазасын өтеуші қатысқан. Тәртіпсіздік Х.Пинеллді өлтіру үшін әдейі ұйымдастырылған деген болжам да бар. Қысқа қайырып айтқанда: ● Қытайдың Гуандун провинциясындағы Дунгуань қаласында салынып жатқан метро стансасының үсті опырылып, жерасты қазаншұңқырына құлаған. Опырылу ауданы 300-ден астам шаршы метрді құрайды. ● Осы аптада Мысырда болған аптап ыстық салдарынан көз жұмғандардың саны 76 адамға жетті. Олардың көпшілігі егде жастағылар. ● Жапония атом электр стансасының осы аптада іске қосылған «Сэндай» бірінші энергиялық блогы электр энергиясын өндіре бас­тады. ● Ауғанстанның қорғаныс министрлігі тәжік-ауған шекарасында екі минаның Тәжікстан аумағында жарылуына байланысты Душанбеден ресми түрде кешірім сұрады. Миссия жетекшісі жанжалға байланысты отставкаға жіберілді БҰҰ-ның Орталық Африка Республикасындағы көпбейінді кешендік миссиясының басшысы Бабакар Гайе отставкаға кетті. Бұған осы елдегі бітімгер әскерилердің 12 жастағы қыз баланы зорлағаны және олардың ел астанасы – Бангиде әкелі-балалы екеуді атып тастағаны себеп болған. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Б.Гайе отставкаға кету жөнінде өзі сұранған. Осыған байланысты БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун: «Бүгін мен өзімнің Орталық Африка Республикасындағы арнайы өкіл Бабакар Гайенің отставкасын қабылдадым», – деп мәлімдеген. Құқық қорғаушылардың мәліметіне қарағанда, бітімгер әскерилердің бірі қызды 2 тамызда зорлаған, ал екі адамды 3 тамызда атып өлтірген. «Талибан» содырлары 15 тәртіп сақшысын атып кетті ш Полицейлердің киімін киіп алып, күш құрылымның ғимаратына кірген «Талибан» қозғалысының содырлары құқық қорғау органдарының 15 қызметкерін мерт қылды. Қайғылы оқиға Ауғанстанның Гильменд провинциясында орын алды. Дерек көздеріне қарағанда, содырлар мекеме ғимаратына полиция автомобильдерімен келген. Сонда 14 тәртіп сақшысын өлтіріп, олардың қаруларын өздерімен бірге ала кеткен. Одан кейін бақылау-өткізу пунктінде күзетте тұрған тағы бір полицейді оққа байлаған. Кейбір мәліметтер бойынша, олар ел аумағының 70 пайызына жуығына бақылау жасайтын көрінеді. Ұйымның белсенді содырларының саны 27 мың адамнан асады деген дерек бар. Ал БҰҰ осы жылдың алғашқы алты айында исламшылардың Ауғанстан билігімен болған жанжалдар салдарынан қаза тапқан және жараланғандар саны 5 мың адамға жуықтайды деген мәлімет келтіреді. Жарылыстан 60 адам қаза тапты Ирактағы жойқын жарылыстан 60 адам опат болып, 200-ге жуық тұрғын түрлі дәрежеде жарақат алды. Бұл жөнінде полицейлер мен медицина қызметкерлерінің айтқандарына сілтеме жасай отырып, «Рейтер» агенттігі хабарлады. Бұл террорлық әрекет Бағдаттың негізінен шииттер қоныстанған Садр-сити ауданындағы базарда жарылғыш заттар толтырылған фургон-рефрижератордың жарылуы арқылы жасалған. Иракта адам өліміне соқтырған террорлық әрекеттер жиі көрініс беруде. Мысалы, осы жылдың 22 маусымында Бағдатта екі автомобильге қойылған бомбаның іске қосылуынан 26 адам қаза тапса, қасиетті Рамазан айында автокөлікке тиелген үш тоннадай жарылғыш заттың жарылуынан 100 адам құрбан болған еді.