Аймақтар • Бүгін, 17:38

«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақмола облысы Ақкөл қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Таза өлке – Ақкөл» ауқымды экологиялық акциясы өтті, деп жазады Egemen.kz.

«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды

Акция барысында қала аумағы абаттандырылып, қоршаған орта тазартылды. Іс-шараға 250-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, студенттер, еріктілер және аудан тұрғындары бар.

@TazaQazBot – тазалық жолындағы тиімді тетік: 24 мыңнан астам мәселе шешімін тапты

пп

Ақкөл ауданының әкімі Біржан Әбдірахманов, аудандық мәслихат депутаты Көкен Назарбек, «Amanat» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының басшысы Карина Абдуллина қатысушыларды әрдайым экологиялық акцияларды қолдауға шақырды. Спикерлер өз сөзінде экологиялық жауапкершілік тек мемлекеттің міндеті ғана емес, әрбір азаматтың тұрақты даму мен өмір сүру сапасын арттыруға қосқан үлесі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту

оо

«Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде жастар, блогерлер және эко-белсенділер әлеуметтік желіде «Өзіңнен баста» атты акция бастады.

Соңғы жаңалықтар