АСТАНА. 27 наурыз. АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан теннистен WTA турнирінде еліміздің бірінші ракеткасы Зарина Диас екінші айналымнан аса алмады. Корт қожайыны Кэтрин Беллиспен күш сынасқан ол 2:6, 1:6 есебімен есе жіберді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Тура бір сағатқа созылған ойында қазақ теннисшісі тек үш геймде ғана ұпай алды. Қарсыласының жасы 15-те ғана. Соған қарамастан ол әр сетте үш брейктен жасап, Заринаның адымын аштырмады. Ал біздің қыз екі кезеңде бір-бірден қарсыласының добын өз пайдасына жазғанын айта кетейік.
Осы ойыннан кейін қос теннисші арасындағы кездесулердің жалпы есебі 1:1 болды. Алғаш рет өткен жылы АҚШ ашық біріншілігінің екінші айналымында жолдары түйіскен болатын. Ол кезде матч үш сетке созылып, Зарина 6:3, 0:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бүгін сол кезде кеткен есені Кэтрин артығымен қайтарды. Енді ол турнирдің үшінші айналымында әйгілі отандасы Серена Уильямсқа қарсы ойнауы мүмкін. Ол үшін әлемнің нөмірі бірінші ракеткасына Румыния теннисшісі Моника Никулескуді жеңуі керек.
Айта кетейік, Зарина бүгінде әлемнің 32-ракеткасы. Ал Майамидегі турнирге мықтылар қатарына қосылып, 29-ракетка ретінде қатысты. Тіпті жарысты бірден екінші айналымнан бастады. Яғни, Беллиспен болған ойын біздің қыз үшін осы сайыстағы алғашқы кездесу. Ал қарсыласы бүгінде WTA рейтингінің 211-сатысында тұр. Өткен жылы Заринадан ұтылған кезде үздік мың теннисшінің қатарына да енбейтін еді.
Бүгінгі ойынның қорытындысы қос теннисшінің рейтингтік көрсеткіштеріне айтарлықтай өзгеріс енгізетіні айтпаса да түсінікті.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: wtatennis.com.

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Бокс • Бүгін, 10:45
Құмар ойын құрбаны: Атырауда «Махаббат рулеткасы» спектаклінің премьерасы өтті
Мәдениет • Бүгін, 10:33
Әлемдік туристік рейтингте Қазақстан нешінші орында?
Туризм • Бүгін, 10:10
Бүгін Испания Кабо-Верде құрамасымен кездеседі
Футбол • Бүгін, 10:07
АҚШ пен Иран келісімінен кейін мұнай арзандады
Әлем • Бүгін, 09:48
Рио-де-Жанейро аспанында екі тікұшақ соқтығысып, 6 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:33
Қазақстан триатлоншылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде екі алтын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 09:22
Әлем чемпионаты: Швеция Тунистен басым түсті
Спорт • Бүгін, 09:18
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:10
Соңғы минутта соғылған гол Кот-д’Ивуарға жеңіс сыйлады
Футбол • Бүгін, 09:09
Coca-Cola Belesteri: Әйелдер мен жастарға 1 млн теңгеден 10 грант беріледі
Қоғам • Бүгін, 09:00
Әлем чемпионаты: Нидерланд пен Жапония тең түсті
Футбол • Бүгін, 08:41
Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:27
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 08:18
Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05