Фото: Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Комитеттің хабарлауынша, аталған бұзушылық туралы ақпарат Еуропалық одақтың құзыретті органдары мен ДДСҰ-ның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық органдар желісі (INFOSAN) арқылы түспеген. Сонымен қатар өнім Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеу тізілімінде жоқ, сондықтан оны Қазақстан аумағында және ЕАЭО-ның басқа елдерінде сатуға рұқсат етілмейді.
Комитеттің аумақтық бөлімшелері елдегі сауда орындарында өнімді анықтау үшін мониторинг жүргізді, нәтижесінде өнім сатылымда табылмаған.
Азаматтардан егер өнім сатылымда анықталса, жедел шара қабылдау үшін Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне хабарласуы сұралып отыр.