Президент • Бүгін, 16:52

Президент Electricité de France компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Electricité de France компаниясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Бернар Фонтананы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Electricité de France компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Фото: Ақорда

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен EDF арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды. Компания төмен көміртекті және атом энергетикасы саласы бойынша әлемдегі жетекші ұйым саналады.

Мемлекет басшысына Сауд Арабиясы Королі мен Тақ мұрагерінен хат келді

Президент бірлесе жұмыс істеуге мол мүмкіндік бар екенін атап өтіп, еліміз француз компаниясымен өзара ықпалдастықты нығайтуға ерекше мән беретініне тоқталды.

EDF басқарма төрағасының айтуынша, компания орнықты және заманауи энергетикалық инфрақұрылым бойынша байланыстарды одан әрі жандандыруға ниетті.

Президент Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездесті

Президент Қазақстан халықаралық серіктестермен, соның ішінде EDF компаниясымен ашық және тең дәрежелі қағидаттарға сай тиімді ынтымақтастық орнатуға дайын екенін растады.

Кездесуде уран жеткізу бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар