Фото: ҚФФ
Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлерге үндеу жолдап, клубпен қоштасуды маусым соңында жеке өзі жеткізуді жоспарлағанын, алайда мәліметтің алдын ала жарияланып кеткенін атап өтті.
«Мен әрқашан жанкүйерлеріме ашық болдым. Сондықтан бұл шешімді өз аузымнан естулеріңізді қаладым», деді ол.
Біржан Оразов соңғы 8 жыл бойы «Қайрат» сапында өнер көрсеткен. Оның айтуынша, клубтан кету – жеке таңдауы. Сонымен қатар ол осы маусымды командамен бірге аяқтайтынын нақтылады.
Футзалшы «Қайрат» құрамында өнер көрсеткен жылдары ішкі біріншілікте де, халықаралық деңгейде де жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, Қазақстан футзалының жетекші ойыншыларының бірі ретінде танылды.
Біржан Оразовтың жетістіктері де айрықша. 2022 жылғы Еуропа чемпионатында 7 гол соғып, «Алтын бутсы» жүлдесін иеленген алғашқы қазақстандық атанды. Сондай-ақ ол ұлттық құрама сапында 70-тен астам матч өткізіп, бұл көрсеткіш бойынша үздік жеті ойыншының қатарына кіреді.
Бұдан бөлек, 2024 жылғы әлем чемпионатында Испания құрамасына қарсы кездесуде 7-секундта гол соғып, әлем чемпионаттары тарихындағы ең жылдам голдардың бірінің авторы болды.
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды