Білім • 29 Сәуір, 2026

Астанада Euronews өкілі журналистерге шеберлік сабағын өткізді

1 мин
оқу үшін

Euronews Academy, «Медиа дамыту қоры» КҚ және Maqsut Narikbaev University бірлесіп ұйымдастырған «Медиа технологиялар» курсы мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада Euronews өкілі журналистерге шеберлік сабағын өткізді

Euronews-тің грек қызметінің жетекшісі әрі Ташкенттегі бюро басшысы, танымал медиаменеджер Akis Tatsis Астанаға арнайы келіп, дәріс оқыды. Ол өзінің кәсіби тәжірибесінен алынған құнды инсайттарын бөлісті.

Бағдарлама аясындағы «Халықаралық жобаларды басқару және продюсерлеу» модулі қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, нақты кейстер арқылы тәжірибеге бағытталған білім ұсынды. Сабақтарда халықаралық медиа жобаларды жүзеге асырудың нақты үлгілері, әртүрлі нарықтарға контентті бейімдеу жолдары және командалық жұмысты тиімді ұйымдастыру тәсілдері кеңінен қарастырылды.

в

Соңғы жаңалықтар