Президент • 29 Сәуір, 2026

Мемлекет басшысы NVIDIA және Firebird AI компанияларының өкілдерін қабылдады

1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының жаһандық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту жөніндегі вице-президенті Николо Мартин Капрезбен, сондай-ақ Firebird AI компаниясының негізін қалаушылар Размиг Берг Овакимянмен және Александр Есаянмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы NVIDIA және Firebird AI компанияларының өкілдерін қабылдады

Әңгімелесу барысында ЖИ-инфрақұрылымын жобалау, салу және пайдалану бағытындағы серіктестік перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстан алдағы үш жылда толық цифрлық елге айналуды көздеп отырғанын жеткізді.

Президенттің айтуынша, NVIDIA технологиясы негізінде суперкомпьютер кластерлерін іске қосу аталған мақсатқа жету және елдің технологиялық дербестігін нығайту ісіндегі маңызды қадам болды.

Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласында Деректерді өңдеу орталығы алқабын құру бойынша стратегиялық жоба қолға алынғанына тоқталды. Онда есептеу инфрақұрылымын дамытқысы келетін инвесторларға қолжетімді электр энергиясы, телекоммуникация желісі және салық жеңілдіктері қарастырылады.
NVIDIA және Firebird AI өкілдері Арменияда осыған ұқсас жобаны жүзеге асырып жатқаны жайында айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен компания өкілдері ЖИ-экожүйесін дамыту бағытындағы бірлескен бастаманы іске асыру мүмкіндіктерін зерделеуге келісті.

Соңғы жаңалықтар

Ұлы дала әуені Анкарада

Әлем • Бүгін, 08:45

Бауырлас елмен байсалды байланыс

Экономика • Бүгін, 08:40

Доп додасының дүбірі естілді

Футбол • Бүгін, 08:35

Табыс артса, тұрмыс түзеле ме?

Экономика • Бүгін, 08:30

Ырыздық жорығы аяқталды

Шаруашылық • Бүгін, 08:25

135 жылдық тарихы бар турнир

Теннис • Бүгін, 08:20